Әрине мен Қазақстанның азаматы ретінде елімізде АЭС салуды қолдаймын. Халқтың қолдауы арқылы ең алдымен АЭС еліміздің экономикалық әрі саяси саласына ықпал ететінін білсе екен деймін. Референдумғадейін біз жан-жақты саралап, зерттеп, зерделеп еліміздің болашағына тиімді шешімді шығарамыз деп сенемін. Өйткені қазір әлеуметтік желіде АЭС туралы қызу талқылаулар жүріп жатыр. Халқымыз БАҚ беттерінен арнайы мамандардың тұшымды пікірлерімен танысуда. Ең бастысы қоғам пікірі қақ жарылған мәселеде оны біртұтас ел болып талқылауға салуды дұрыс деп санаймын. Ең бастысы еліміз өз игілігіне тиімді шешімді қабылдайды деп сенемін. Мемлекет басшысы әрбір Жолдауында бұдан былай қоғам пікірі ескерілетінін үнемі тілге тиек етіп келеді. Қазіргі таңда билік пен халықтың арасында байланыс орнады. Бұл әрине дұрыс деп санаймын. Себебі жоғары жақ халықтың ойымен, мұңымен санасуы керек. Әрбір азамат өз еліндегі болып жатқан саяси, әлеуметтік болсын, әрбір мәселелені бірігіп шешкені дұрыс деп санаймын. Соңғы кездері «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын жан-жақты қолданудамыз.Бұлоңшешімдепесептеймін. Бұл да ел игілігіне бағытталған іс-шаралардың бірі деп есептеймін. Сондықтан да әрбір қазақ халқы референдум кезінде дұрыс таңдау жасайды деген ойдамын.