Қазіргі таңда қоғамда АЭС салу қызу талқыланып жатыр. Әлеуметтік желіде де пікір көп. АЭС салынатын болса экономикамыздың барлық салаларына, сондай-ақ ғылымға, білімге, әлеуметтік салаға оң мультипликативтік әсер етеді, жоғары технологиялық, ғылымды қажетсінетін технологиялар мен аралас салалардың жедел дамуына мүмкіндік береді.
Қазақстанда АЭС салу атом индустриясы үшін және тұтастай алғанда еліміздің бүкіл экономикасы үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Сондықтан да қазан айында өтетін референдумда халық өзі таңдауын жасайды. Еліміздің болашағы үшін атқарылатын істі барша қазақ елі болып дұрыс таңдау жасайық!
Раушан Нарбек,
Журналист