Қоғамдық саясат институның мәліметінше, референдумға бір ай қалған уақыт ішінде халықтың аталған мәселе бойынша құлақтандырылуының жоғары деңгейі тіркеліп отыр. Сауалнама кезінде респонденттердің 74,6%-ы 2024 жылы 6 қазанда АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өткізілетіндігі туралы ақпараттан белгілі бір дәрежеде хабардар екенін көрсетті. Міне осы халық өзекті мәселе деп қабылдап келген АЭС салу референдуымы 6 қазанда өтеді. Әрбір еліміздің азаматы аталған референдумға қатысып өзінің таңдауын дұрыс жасауына шақырамын!
Өмірзақ Пукашев,
Кентау қаласының тұрғыны