Қазір әлеуметтік желіде АЭС туралы қызу талқылаулар жүріп жатыр. Халқымыз БАҚ беттерінен арнайы мамандардың тұшымды пікірлерімен танысуда. Ең бастысы қоғам пікірі қақ жарылған мәселеде оны біртұтас ел болып талқылауға салуды дұрыс деп санаймын. Ең бастысы еліміз өз игілігіне тиімді шешімді қабылдайды деп сенемін. Мемлекет басшысы әрбір Жолдауында бұдан былай қоғам пікірі ескерілетінін үнемі тілге тиек етіп келеді. Қазіргі таңда билік пен халықтың арасында байланыс орнады. Бұл әрине дұрыс деп санаймын. Себебі жоғары жақ халықтың ойымен, мұңымен санасуы керек. Әрбір азамат өз еліндегі болып жатқан саяси, әлеуметтік болсын, әрбір мәселелені бірігіп шешкені дұрыс деп санаймын. Соңғы кездері «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын жан-жақты қолданудамыз. Бұл оң шешім деп есептеймін. Бұл да ел игілігіне бағытталған іс-шаралардың бірі деп есептеймін.
Ал, АЭС-қа келсек, бұл елдің дамуын бағдарлайтын бастама деп қабылдадым. АЭС салғаннан біз ұтылмаймыз, қайта ұтырамыз көп.
Мұхит Әбдіәшімұлы,
Кентау қаласының тұрғыны