Қазақстанда атом электр станциясын салу тақырыбы бірінші рет емес, осымен үшінші рет көтеріліп отыр. Осы уақыт ішінде біз еліміздің әр түрлі өңірлерінде АЭС салу мүмкіндігі қарастырдық, Маңғыстау атом энергокомбинатының құрамында апатсыз пайдаланылған БН-350 жылдам нейтрондарындағы әлемдегі алғашқы энергетикалық реакторды тоқтаттық. Ел уран өндіру бойынша әлемде бірінші орынға шықты. Республиканың атом өнеркәсібінің жаңа кәсіпорындары дамыды. Мысалы, өткен жылы Өскеменде ядролық отын өндірісі басталды. Мұның бәрі де халық игілігі үшін. Сондықтан да жансақ пікірге сеніп, ел болашағының экономикасына балта шаппағанымыз жөн болар. Әрбір пікірді айтарда ғылыми негізге сүйенейік. Мамандардың пікірін тыңдайық.
Шын мәнінде АЭС -тің артықшылықтары көп. Соларды оқып танысайық. Құрылыс жұмыстары барысында қаншама адам жұмыспен қамтылады. Жоғары жалақы алып, әлеуметтік жағдайын жақсартады. Ал, іске қосылған тұста да көптеген жұмыс орындары құрылады. Ең бастысы елдегі энергия тапшылығына тоқтай қойылады. Сапалы энергия болса, өндірістің дамуына да жол ашылмақ. Ал, өндірістің даму елдің дамуымен тікелелей байланысты.
Райшан Пернеханқызы,
Кентау қаласының тұрғыны