АЭС салу мәселесі қоғамда да қызу талқыланып жатыр. Біз жылына шамамен 120 кВатт энергия тұтынамыз. Кейінгі бір-екі жылда 1.5-2 миллиард кВаттқа тең жетіспеушілік бары айтылып жүр. Біз оны Ресейден алып отырмыз. Адам саны артып жатыр, экономика өсіп, жаңа зауыттар салынып жатыр. Электромобиль саны да өсіп жатыр. Алдағы уақытта да тұтыну көлемі жылдан-жылға арта береді. Сондықтан да АЭС біздің елімізге де қажет. Әлемде экономикалық деңгейі жоғары елдерде АЭС салынып, жұмыс жасауда. Мұны салу арқылы қаншама адам жұмыспен қамтылады. Сондықтан да бұл жаңашылдықты халық мәселе деп қарап, қарсы шықпағаны абзал.
Қайта елдегі мәселелерге көпшілік болып қолдау көрсетейік. Қазір бұл бағытта сарапшылар мен сала мамандары жұмыс істеп жатыр. ғалымдар жұмылдырылып отыр. Сондықтан АЭС салу бұл ойдан шығарылған дүние емес, ойластырылған іс деп қабылдау қажет.
Меруерт Тұрарова,
Кентау қаласының тұрғыны