Елді сапалы энергиямен тұрақты қамтамасыз ету үшін электр энергиясын өндірудің жаңа негізгі көзін енгізу қажет. Себебі, энергетикалық қауіпсіздік – кез келген елдің тұрақты дамуының негізгі құрамдас бөлігі болады. Елімізде мұнай, табиғи газ және көмірдің қомақты қоры бар екеніне қарамастан, тұрақты экономикалық және экологиялық даму ісі ерекше маңызға ие. Соңғы жылдары энергетикалық жүйенің сенімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін кешенді көзқарасты талап ететін бірқатар міндетке тап болдық. Әсіресе өндірістік кәсіпорындарды электр қуатымен тұрақты түрде тәулік бойы қамтамасыз ете алмай қалсақ, ел экономикасының ілгерілеуі үлкен тежелуге тап болары анық. Көміртегі бейтараптығына қолжеткізу жөніндегі жаһандық күш-жігер аясында халықаралық қаржы институттары көмір электр стансалары жобаларын қаржыландырудан бас тартып жатыр. Сол себепті, көмір энергиясын негізгі көз ретінде пайдалану мүмкіндігі шектеулі. Республикадағы табиғи газ қорының мөлшері де дамушы елімізді ұзақмерзімді стратегиялық мақсатта қанағаттандыра алмай тұр. Бұл ретте газ энергетикасын ауқымды дамыту қиын екені көпшіліке мәлім. Сондықтан елге энергиямен дамудан басқа балама көрінбейді. Ал, АЭС бұл мәселенің түпкілікті шешімі деп білемін.
Әділбек Қайырбеков,
Кентау қаласының тұрғыны