АЭС салу үшін бізге кадр керек. Бұл сөзді бүгінде АЭС-қа қатысты пікір білдірген әрбір адам айтып жүр. Ия, әрине, бұл бүгінмен шешілетін мәселе емес. Себебі, жастарды шет елге жіберіп оқыту күн тәртібінде тұр. Егер елге АЭС салынса біздің елдің адамдары арнайы курстардан өтетін болады. Білікті де, білімді мамандардан сабақ алып, тәжірибелерін шыңдайды. Сондықтан, кадр жоқ деген сылтау айту, жәй ғана сөз деп білемін.
Жалпы АЭС салу — Отандық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Энергияны тұтыну қарқыны жыл санап артып келеді. Оны өзіміз күнделікті көріпте жүрміз. Электр энергиясының негізгі тұтынушылары – ірі өндірістік кәсіпорындар. Олар барлық қолданыстағы тұтынушылардың 70%-ын құрайды. Мұндай кәсіпорынар мен өндіріс ошақтары алдағы уақытта көбейетіні тағы бар. Сол кезде электр энергиясының тапшылығы туу мүмкін. Ал, АЭС сол мәселелердің баршасының алдын алады деп білемін.
Мамыржан Юлдашев,
Кентау қаласының тұрғыны