Менің пайымдауымша біздің елімізге АЭС өте қажет. Неге десеңіз қазіргі таңда энергия көздері, кейбір артықшылыққа қарамастан, жел мен күннің дәйім болмауынан жұмыстың болжаусыздығына байланысты тұрақты және негізгі генерация көзі бола алмайды. Осы олқылықты қаперге алсақ, энергетика секторындағы технологияның қазіргі даму деңгейінде атом энергетикасы жоғалған энергия қуатын ауыстырудың ең тиімді шешімі болып көрінеді. Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік – МАГАТЭ мәліметі бойынша, қазір 31 елде жалпы қуаты 375,6 ГВт болатын 415 атомдық энергоблок жұмыс істейді. Осы шақта 15 елде 58 реактор салынып жатыр. Атом энергиясының маңызды қуаты бар елдер – АҚШ (94 реактор), Франция (56 реактор), Қытай (56 реактор), Ресей (37 реактор), Оңтүстік Корея (26 реактор) және Жапония (12 реактор) бар. Біздің елімізде осындай бастаманы қолға алу арқылы әлемнің озық елдері секілді, еліміздің экономикасының дамуына үлес қосамыз.
Марат Абдиұлы,
Кентау қаласының тұрғыны