Атом электр стансалары бар мемлекеттер соның ішінде әсіресе, уран өндіру және ядролық отын өндірісі бар елдер тек көмір немесе газ энергиясына негізделген елдерге қарағанда әлдеқайда дамыған деп есептеледі. Әлемде экономикасына АЭС пайда әкеліп отырған елдер аз емес. АЭС салуға өз басым қарсы емеспін. АЭС жайлы қоғамда әртүрлі пікір бар. Болашақта электр қуаты қымбатқа түседі деген болжам бар. Себебі, біздің елімізде электр қуатының жетіспеушілігі бар. Сондықтан Қазақстанда АЭС салу туралы шешім қабылданатын уақыт келді деп ойлаймын. АЭС салынса, біздің еліміздегі халыққа да жұмыс табылады. Біршама жұмыссыздардың саны азайып, халықтың әл аухаты көтеріледі.
Батырхан Керімбек,
Кентау қаласының тұрғыны