Биыл Қазақстан полициясының құрылғанына 32 жыл толып отыр. Осы ретте Келес ауданы, Ақтөбе ауылдық округі №44 «Сырдария» жалпы білім беретін мектебінде ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында бейбіт тұрғындардың тыныштығын күзетуде ерен еңбек етіп, Ішкі Істер органдарында қызмет атқару кезінде қаза тапқан полиция, Есбаев Алдаберген Үсенұлының есіміне берілген «Полиция сыныбы» ашылды.
Сыныптың ашылу салтанатына Келес ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің орынбасары Жансая Маханбеталиева мен Түркістан облысы полиция депертаментінің кадр саясаты басқармасының бастығының орынбасары Шамшат Ерлан Дәрібайұлы, аудандық полиция подполковнигі Мұрат Абилханұлы, зиялы қауым өкілдері, Алдаберген Үсенұлының отбасы мен ағайын-туыстары қатысты. Жиын барысында жас полицейлерге куәлік тапсырылды.
Ортамызда жүрген жауынгерлер, бейбіт өмірдегі жарқын істеріңізбен, қоғамдық жұмыстарда белсенділіктеріңіз, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектеріңіз Қазақстан жастары үшін нағыз ерліктің шынайы үлгісі болып қала береді. Алдаберген Үсенұлының есімімен аталатын сыныпта білім алатын оқушылардың да нағыз елжанды, іскер, жаңашыл болып қалыптасары анық.