Сапар барысында Тамара Дүйсенова Шәуілдір ауылындағы Өзбекәлі Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернатының жұмысымен танысты. Мұнда «Жұмысшы мамандықтар» көрмесі ұйымдастырылды. Онда 12 колледжде өндірілетін өнімдер көрсетілді, оның ішінде балық өнімдері, ветеринарлық техника, роботтар және металл өңдеу өнімдері бар.
Түркістан облысындағы ТжКБ ұйымдарының әлеуметтік серіктестерімен бірлесіп жасалған бизнес жобалар мен көрмеге жұмысшы мамандықтар даярлап жатқан колледждер өз жобаларын таныстырды. Көрме аясында колледж директорлары жүргізіліп жатқан жаңа стартап жобаларын көрсетті.
Нақтырақ айтқанда: «№16 колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны әлеуметтік серіктестерімен балық өнімдерін вакуум — қаптау аппараты және мектеп жиһаздарын жасап шығару жобаларын қарады. Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны ауылшаруашылық саласы бойынша жаңа инновациялық жобаларын таныстырды. «Жас маман» жобасы бойынша алынған құрал жабдықтардың сапалы мамандар даярлаудағы тиімділігі мен артықшылықтарын көрсетті. «№8 колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны ЖК «Қазанқапов Есімхан» және «Dosti» ЖШС әлеуметтік серіктестерімен бірге түзілген цифрландыру жүйесі бойынша жаңа инновациялық жобаларын ұсынды.
Ал, Түркістан жоғары көпсалалы, қолөнер коллдежі мен «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжі робототехника саласы бойынша құрастырылған құралдарының ерекшелігін алға тартты.