Түркістан облысының білім басқармасының бірыңғай конкурстық комиссиясының 2024 жылғы 6 қыркүйектегі №17-3 хаттамалық шешіміне сәйкес, Шербаев Құдайберген Қайыпбекұлы Отырар ауданының білім бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.
Түркістан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Жандос Саттарұлы әріптестеріне ресми бөлім басшысын таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Ал, Құдайберген Қайыпбекұлы өз кандидатурасын бөлім басшысы қызметіне қарастыруда оған сенім артып, қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.
Білім саласына қосар елеулі үлесіңіз арта берсін!