Астана қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен облысымыздағы 10-14 жас аралығындағы оқуда және спортта ерекшеленген озат 46 баланың қатысуымен «Астана – менің Отанымның елордасы» атты әлеуметтік туры өткізілді.
Әлеуметтік турдың мақсаты – балаларды елордамен таныстыру, патриотзмге тәрбиелеу, Отанға құрмет пен сүйіспеншілікке баулу, Қазақстан Республикасының тарихы мен мәдениеті туралы қосымша білім алу.
Тур барысында оқушылар бірінші күні «Бәйтерек» монументі, Болашақ энергиясы мұражайымен танысып және Есіл өзенін кемемен серуендеді. Екінші күні «Ұлттық музей», «Бейбітішілік және келісім сарайы», Орталық Бас мешіт, «Шолу» дөңгелегі және «Думан» ойын-сауық» орталығындағы Окенариум мен Джунглиге барды.