Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай « ұлттың сақталуына да, жоғалуына да, себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы -тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады » десе, Мағжан Жұмабаев « Тілсіз ұлт , тілінен айырылған ұлт дүниеде де ұлт болып жасай алмақ емес. Ондай ұлт құрмақ» деген екен. Бір ғасыр бұрын айтылған Алаш арыстарының бұл сөздері дәл бүгінгі заманның да тамыр бүлкілін дөп басып тұрғандай.Тіл өткеннің ұрпаққа қалдырған аманаты , бүгінгі күнніңабыройы , ертеңгі күннің кепілі. Сондықтан да өзана тіліміздің қадірін біліп , өзтілімізде дұрыс сөйлесе , жаза білу –әр қазақ баласының бірден –бір міндеті болып табылады. Біз болашақ жастарана тіліміздің абыройын асқақтата биікке көтеруге әрқашан дайынбыз. Демек әр қазағымыз ана тілін көздің қарашығындай қорғауға , оның тазалығын сақтауға тиіс. Мемлекеттік тіл – ұлттың өзіндік санасын қалыптастыратын бірден бір құдіретті күш екенін ескерген дұрыс . «Егер тілім ертең болса құрымақ, мен дайынмын өлуге де бүгін –ақ » деп құмық елінің ұлы перзенті Расул Гамзатов айтқан болатын.
Тілінің бірлігі болмаған ұлт өзінің тұтастығын қамтамасыз ете алмайды. Көршілес Ресейде Отандастардың бәрі орыс тілінде сөйлейді .Ал қанша ұлт өкілдерінен құралған АҚШ -та ағылшын тілі үстем. Түркі тектес туысқан елдердің өзінде өз тілдерін өгейсітіп отырмағаны әрқайсымызға сабақ болуы тиіс. Тілімізге мән бермеу,еліміздің тағдырына мән бермеу, тілінен айырылған елдің өзіде бірте –бірте жойылатынын әрбір қазақ түсінгені абзал.
Ел президенті Жарлығына сәйкес, барлық орталықтар жергілікті атқарушы және жоғары билік органдары , Президент әкімшілігі Парламент пен Үкімет іс-қағаздарын кезең – кезеңімен мемлекеттік тілге көшіруі тиіс.Сәйкесінше ХХІ ғасырға тәуелсіз ел ретінде енген мемлекетіміздің әлеуметтік экономикалық және мәдени өмірінде үлкен өзгерістер болыпжатыр.Дегенмен
жергілікті сот кеңселерінде ана тілімізді сот саласында берік орнықтыру, оның беделін көтеру бойынша жұмыс ауқымын әлі де кеңейту қажет.
ҚР қылмыстық іс жүргізу кодекісінің 30 –бабына, Азаматтық іс жүргізу кодекісінің 14 –бабына сәйкес , елімізде қылмыстық және азаматтық сот ісі мемлекеттік тілде жүргізілуі тиіс. Ал заңның басты артықшылығы –оның басқа нормативтік актілерден жоғары екендігінде және қалай жазылса , тап солай қолданылатындығында. Конститутциямызда айқындалған « мемлекеттік тілмен қатар, орыс тілі ресми тіл болыпсаналады» деген нормада бастапқыдағыдай маңызды рөл атқармайды.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бұл мәселеге нүкте қойды. Қазақстан халқына арнаған жолдауында: «Ата заң бойынша Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл бар. Бұл қазақ тілі», -деді. Сондай -ақ Президент қазақтілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келгеніне назар аудара отырып, мұндай дәрежеге жету үшін үкіметтік емес ұйымдардың да, беделін арттыру қажет екенін атап өтті. Жеті жұрттың тілін біл, өз тіліңде өмір сүр! — деген қазақпыз. Өйткені сол кездегі буыны енді қатайып келе жатқан мемлекетіміздің әлеуметтік экономикалық жағдайы , қазақ ұлты өкілдерінің санының
аздығы аталған норманың кеңірек пайдаланылуына себеп болды. Қазақ-қашанда өзінің азаттығы үшін қалай күрессе, тілі үшін де солай күрескен халық. Дініміз бен тілімізге қауіп төнген шақтарда Ғабиден Мұстафин: «Біз ұлтшылдықпен күрестік, енді сендер ұлтсыздықпен күресесіңдер!» деген болатын. Заманы тоғысқан талай сынақтан қазақтың тілі мен дәстүрі, мәдениеті жығылсада, жоғалмай, құлдырасада құрдымға кетпей, Тәуелсіздіктің ақ таңына аман–есен жетті. Асылы, тілге ұлтымыздың, мемлекетіміздің, рухымыздың қамалындай қарауымыз керек. Ұлт пен мемелекетімізді сақтайтын «керектер» көп, бірақ халықтық, ұлттық келбетімізді ана тіліміз бен ұлттық мәдениетіміз сақтайды.Қазақтілінің мемлекеттік мәртебесін көтеретін жан-жақты ұйымдық –насихаттық жұмыс аса қажет.Қоғамда мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілік пен құрметтеу отаншылдық қасиеттің бөлінбес компаненті деген ұғымды қалыптастыру, мемлекеттік тілді білгісі келгендердің ықыласын бағалап, көтермелеп отыруда маңызды. Қазақстан Ұлттар арасында татулық пен бірлік ынтымақтастық пен достық орнағаны-бәріміз үшін мақтаныш. Қадір Мырзалиев айтқандай, басқа тілді біле отырып, ең алдымен өз ана тілімізді құрметтеуге шақырамын деп тектен-текке айтпаса керек. «Әрбір ұлт, мейлі ол үлкен болсын, кіші болсын, мәңгілік болуды қалайды және бұл оның табиғи құқы. Тіл жайында тебіренбеген қазақ қазақпын деп өзін сезінбей ақ қойсын деген Өмірзақ Айтпайұлы. Ұлттық тіл, ұлттық намыс, ұлттық рухтыларын биікте көрсететін ол ана тілің. Қазақ тілі -әлемдегі мағынасы көп, синонимдік тіркесі мол, сөйлеу стилі сұлу, ерекше тіл. Қазақ тілінің мәртебесін нығайту үшін барлық Қазақстандықтар мен шет елдегі қандастарымыздың қазақ тіліне деген құрметін арттыру, қазақ тілінің табиғи қалпын сақтау қажет. Тіл қай ұлтта , қай елде болмасын қастерлі , құдіретті ұғым. Ол әр адам бойына ана сүтімен дарып қалыптасады. Ана тілім ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра. Демек әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның тазалығын сақтауға тиіс. Біздің тіліміз мемлекеттің барлық жүйесінде қолданылуы үшін. Біз өзімізді өзіміз қамшылауымыз керек және осыған өзіміз атсалысуымыз қажет. Тіліміз бірлігіміздің тірегі, халқымыздың ұлттық байлығы. Абай әрлеген, Жамбыл
жырлаған тіл-қазақ тілі, мәңгілік тілі болып қала бермек. Қазақ халқы ұлт болып қалыптасқалы ана тілімізбен өмір сүріп келеміз. Тіл –өткеннің ұрпаққа қалдырған аманаты, бүгінгі күннің мәртебесі, ертеңгі күннің кепілі. Сондықтан да өз ана тіліміздің қадірін біліп, өз тілімізде дұрыс жаза, сөйлесе білу –қаны қазақ баласының бірден –бір міндеті болып табылады. Халықтың мәдени әлеуметтік өмірінде өзіндік мәні бар киелі ұғым Тіл –еліміздің ірге тасы. Тіл-өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем. Тіл–асыл ойдың бұлағы. Кімде –кім қазіргі уақытта ана тілін сыйламаса, бағаламаса қазақтығына сын. Өзге тілде мақтаныш етіп сөйлеген адамды мәдениетті адам деп санауға болмайды. Қазіргі жазылып жатқан немесе қолданыста жүрген жаңа заман оқулықтары мен оқу құралдарының мақсаты –тіл үйренушінің тілдік –қатысымдық құзыреттілігін қалыптастыра отырып, көп тілді, көп мәдениетті жеке тұлға қалыптастыру. Сондықтан тіл үйрету сабақтарында лингвомәдениеттанулық оқыту технологиясын анық- айқын нақты оқыту аясын кеңейту. Мәтіннің мазмұнын ашатын жағдаяттар, тақырыпшалар мен тапсырмалар арқылы ой жүйесі мен тіл анықтығын дамыту айрықша болатыны сөзсіз. Тілге жан беретін де, тілге қуат беретінде адамзат тіршілігі. Тіл арқылы еңсеміз көтеріліп, тұғырымыз биіктей бермек.
Айкерім Жұмабай,
Түркістан қаласы «Тілдерді оқыту және дамыту»
орталығының қазақ тілі оқытушысы