Қазақ «Бірлік болмай тірлік болмас», деп бекер айтпаса керек. Берекені көздеген ел қашанда татулықты ту етуден жалықпаған. Біздің елдегі бірлік пен қоғамдық келісімнің бастауы – Қазақстан халқының ортақ тарихы екені баршаға аян. Ғасырлар бойы қасиетті қазақ жері көптеген этнос өкілдеріне құтты қоныс бола білді. Содан болар, бүгінде елімізде тату тірлік, ынтымақ пен бірлік бар.
Осынау қоғамдық институт құрылғалы бері белсене араласып, шешілуіне мұрындық болған істер өте көп. Ассамблея тілді дамытуға да, медиацияны өркендетуге де, қайырымдылықты жандандыруға да, тіпті, қоғамдағы ірілі-ұсақты мәселелерді шешуге де көшбасшы болып келеді. Осы орайда біз бүгін Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-і Кентау қалалық филиалының жұмысына жекелеп тоқталуды жөн көрдік.
Бүгінде Кентау қаласында халық саны-99803, түрлі этнос өкілдері өмір сүреді. Олардың басым бөлігін яғни, 66187 -қазақтарды құрайды. 3848-орыстар, 27204 — өзбектер, 82 — украиндар, 21- ұйғырлар, 1117 — татарлар, 34- немістер, 89 – кәрістер, 188 — түріктер, 583 — әзірбайжандар, 124 — шешендер, 107 — гректер, 30 — тәжіктер, 6-күрдтер және өзге этнос өкілдері тұрады.
Олар Тәуелсіздік алған уақыттан бері елімізде тату-тәтті, бір шаңырақ астында, өзара татулықта өмір сүріп келеді. Тіпті, атамекендеріне оралуды да ойламай, балаларын қазақ мектептеріне беріп, қаламызда құдандалы болып, дәстүрімізді сақтап, сіңісіп кетті. Өсіп-өніп, еліміздің дамуы үшін қолдарынан келгенше қызмет етуде. Бұл елімізде жүргізіліп отырған Ассамблеяға қатысты дұрыс көзқарас пен саясаттың арқасы екені даусыз.
— Қазіргі таңда Қазақстан және онда тұратын барлық этностардың тыныс-тіршілігі әлемдік қоғамдастықтың көз алдында. Қай елде болмасын өмір сүріп жатқан әрбір этнос өкілдерінің рухани және мәдени өмірінде бейбітшілік пен келісім және жасампаз еңбек болуы қажет екендігі белгілі. Онсыз демократияны қайта құру, мәдениетімізді алға жылжыту және экономикалық тұрақтылықты жүзеге асыру мүмкін емес. Мұның еліміздегі барлық шағын этностық топтардың өкілдеріне тікелей қатысы бар. Шынында да Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі түрлі этникалық топтарды біріктіре отырып, ел бірлігі мен берекесін сақтап ілгерілетуге бағытталғаны сөзсіз. Ол ұлт бірлігін сақтау мен нығайтуда үлкен рөл атқарады, — деді Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-і Кентау қалалық филиалының басшысы Ғалымжан Тәжібаев.
Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-і Кентау қалалық филиалы басшысының сөзіне қарғанда 2024 жылы осы күнге дейін жалпы 81 іс-шара өткізілді. Оның ішінде жұмыс жоспарға сәйкес, жоспардан тыс өткізілген қоғамдық көпшілік іс-шаралар-15, Ақсақалдар кеңесінің отырысы мен ақпараттық-насихаттық топ кездесуі-27. Аналар кеңесінің отырысы мен жоспарға сәйкес кездесулері-19, Этномәдени бірлестіктердің өткізген іс-шаралары мен қайырымдылық бойынша-12, Медиация — 2, оның ішінде жастармен жұмыс-6 іс-шара өткізілді.
«Кентау қалалық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Талғат Садуов қала және ауылдық 13 кеңес мүшесі бар. Ал ақсақалдар кеңесі екі тоқсандық отырыс өткізді. Сонымен қатар, біздің мекемеде тоқсан сайын әртүрлі тақырыптар қаралады. «Күн тәртібінде: Білім беру мекемелерінде «Бір тұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ҚХА этномәдени бірлестіктері және ҚХА қоғамдық құрылымдары мүшелерінің қатысуымен «Бейбітшілік пен келісім сабақтары» форматында мотивациялық кездесулер өткізу мәселесі талқыланды. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2024 жылдың 25 сәуір күні ҚХА ХХXIII-сессиясында «Қазақ тілі уақыт өте келе этносаралық қатынас тіліне айналатынына сенімдімін» деген болатын. Осыған орай, Кентау қалалық «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ-і тарапынан 2024 жылы атқарылып жатқан жұмыстары туралы Ж.Асханова баяндама жасады. Кентау қаласы және қалаға қарасты ауылдарда қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты нығайту, жастар мен жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында 2024 жылғы ақпараттық-насихаттық тобының құрамы, жұмыс кестесі бекітілген болатын. Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғмдық келісім» КММ-нің Кентау қалалық филиалымен жоғары және арнаулы орта оқу орындары, мектептерде қалалық ақпараттық-насихаттық (полиция, әскери қорғаныс, ардагерлер, ақсақалдар, аналар, ЭМБ, депутат, жастар) топтардың құрамдарымен бірге 25- кездесу өткізіліп, 823-ке жуық адам қамтылды», — деді Ғалымжан Қыдырәліұлы.
Атап айтар болсақ – «Бейбітшілік пен келісім сабақтары», «Этносаралық татулық пен бірлік, халықтар достығы мен өзара түсіністігі», «Әскери міндет саласындағы заңнамаларды орындау», «Жастар арасындағы құқық бұзушылық, қоғамдық орындарда, түнгі уақытта жүріп тұру», «Отбасындағы әке мектебі мен әкенің тәрбиесі туралы», Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты сөйлеген сөзімен Аға буын жас ұрпаққа жол нұсқап, бағыт-бағдар беруі керектігі айтылды. Сонымен қатар, ҚХА кезекті ХХХІІІ сессиясында айтылған Ассамблея нашақорлық, құмарпаздық, тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм және ысырапшылдық сияқты әлеуметтік кеселдермен күресу ісінде маңызды рөл атқаратындығы, Тәуелсіздік және Отаншылдық. Одан кейін – Бірлік және Ынтымақ. Келесі– Әділдік пен Жауапкершілік. Заң және Тәртіп жөнінде сөз қозғалды. «Кереағар ағымдар» атты тақырыбында Кентау қаласындағы орта білім беру, орта арнаулы, қалаға қарасты мекемелерде және ауылдарда ресми, бейресми көбасшылар және түрлі этнос өкілдерімен сонымен қатар студент жастармен кездесулер өтті.
Кентау қалалық Аналар кеңесінің төрайымы Маржан Кривенцова Қазыбайқызы, қала және ауылдық Кеңес мүшелерінің саны — 33.
Аналар кеңесі де тоқсан сайын әртүрлі тақырыпта кездесулер ұйымдастырып тұрады. Тоқсандық отырыстарда полиция, психолог, емханаға тиісті сала мамандарын қатыстырып шаралар өткізіліп отырды. «Білім беру мекемелерінде «Бір тұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ҚХА этномәдени бірлестіктері және ҚХА қоғамдық құрылымдары мүшелерінің қатысуымен «Бейбітшілік пен келісім сабақтары» форматында мотивациялық кездесулер өткізу мәселесі талқыланды. Қалалық білім беру бөлімімен 2023-2024 жылға бірлесе жоспар бекітіліп «Бес тірек» жобасын насихаттады. Қалалық ҚХА жанындағы Аналар кеңесі мен жоғары және арнаулы орта оқу орындары, мектептермен бірлесе 17 кездесу өткізіліп, 852–ге жуық адам қатысты. Атап айтар болсақ — «Мәдениетті ана –мәдениетті ұлт» жобасы қалаға қарасты ауылдар мен мектептерде кездесу өткізілді, «Аналар сөзі-тәрбие көзі», «Еңбегі жанған әйел — ел ортасында», «Қызым саған айтам…», «Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу», «Ұрпақ болашағы – тәрбие мен білімде», «Бүгінгі бойжеткен қыз», жас өспірімдер арасындағы ерте жүктіліктін алдын және өзге де түйткілді мәселлер талқыланды.
«Кентау қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің төрайымы, заң кеңесшісі кәсіби медиатор С.Самиева өмірлік қиын жағдайға тап болған аналардың жағдайын жақсарту мақсатында жеке қабылдау өткізді. ҚР «Медиация» Заңы арқылы азаматтардың өз мәселесін оңтайлы шешуіне болады. Қоғамдық қабылдауға келген қала тұрғындары өздерін толғандырған сауалдарын жолдап, медиаторлық көмекке жүгінді. Атап айтқанда, медиациялық келіссімен алимент өндіру, қаржылық төлем қабілетін қалпына келтіру және өзге де мәселемен келген болатын. Қабылдау аясында азаматтарға әлеуметтік, тұрмыстық, өзге де мәселелер бойынша қолданыстағы заң аясында құқықтық кеңестер берілді.
Облыстық және қалалық ақпараттық-насихаттық топтың кездесулері, «Аналар сөзі-тәрбие көзі», «Алғыс айту – парызым!», «Қазақстан –бақыт мекені», «Ырыс алды — Ынтымақ», «Арайлы-атамекенім!» атты челленджі мен түрлі тақырыптағы кездесулер қала және ауыл жастарының қатысумен өтті.
Этнос жастарының қатысуымен Кентау қаласының этнос жастары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қаладағы демалыс аумақтары мен саябақтар, ескерткіштердің алаңдарына тазарту жұмыстары жүргізілді. Одан бөлек, қаланың барлық аймағында тазалық жұмыстары белсенді атқарылуда.
Жалпы халықтық тазалық күніне орай, облыстық «Қоғамдық келісім» КММ-і Кентау қалалық филиалының қызметкерлері, қалалық Славян этномәдени бірлестігінің төрайымы И.Домбровская және Ә.Бөкейханов атындағы №23 жалпы білім беретін мектебінің ынтымағы жарасқан оқушылары бірлесіп «Таза Қазақстан» акциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығына белсене кірісіп еңбек ардагері Ж.Сопиевтің үйіне барып отын жинап, жер аударып, аула тазалау жұмыстарына қолғабыс жасап көмектерін көрсетіп ақ батасын алды. Сонымен қатар, осы «Таза Қазақстан» акциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында қалалық филиал қызметкері А.Құрманбаева қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің мүшелері Ш.Абдухаликова, Ш.Хамитова және Ә.Науаи мен Ө.Жәнібеков атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің оқушыларымен бірлесіп еңбек ардагерлері Г.Маннатова, Н.Мамедованың үйлеріне барып жер аударып, жабайы шөптерден жазарту, аула тазалау жұмыстарына қолғабыс жасап көмектерін көрсетті.
Кентау қаласында Кентау қалалық өзбек этномәдени бірлестігі және Қарнақ ауылдық өзбек этномәдени бірлестігі заңды тұлға ретінде тіркеліп, жұмыстар атқаруда. Сонымен қатар, славян этномәдени бірлестігі облыстық этномәдени бірлестіктің ресми өкілі ретінде жұмыс жүргізеді. Этномәдени бірлестіктер Кентау қаласы Қарнақ ауылы өзбек этномәдени орталығының төрағасы Б.Хабибовтың ұйымдастыруымен «Жүректен жүрекке» акциясы аясында құны 1,5 миллион тенгеден астам азық-түлік, көрпе-төсек, киім-кешек, құрылыс материалдары секілді заттарды жинап, Кентау қаласында орналасқан штабқа тапсырды. Бұл жиналған гуманитарлық көмек су тасқынынан зардап шеккен Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласына жіберілді. Қалалық этномәдени бірлестіктер су тасқынынан зардап шеккендерге жалпы 5 млн теңгеге көмек жіберді.
Түркістан қаласы «Амина» комплексінде Түркістан облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Б.Ырысметовтың бастамасымен Түркістан, Кентау, Сауран және Қарнақ ауылынан келген командалар арасында волейбол, шахмат, дойбы, тенис, кіші футбол ойындарынан спартакиада өткізілді. Кентау қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің төрайымы С.Самиева ұйымдастырып барған 24 адамнан құралған команда бақтарын сынап, жүлделі орындарға ие болып алғыс хатпен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Қазақ халқында «Бірлік бар жерде, тірлік бар» деген қанатты сөз бар. Әрине бұл сөздің төркін байыппен түсінсең, бірлігі жарасқан ел әрқашанда ынтымағы мен бірлігі жарасып, кез-келген түйінді мәселенің күрмеуін келісіп шешеді дегенді білдіреді. Біздің елімізде де көптеген іс-шаралар халық арасындағы ынтымақ бірлігінің арқасында оң шешімін тауып жатыр. Ассамблея қызметінің арқасында Қазақстанда этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан әрбір азаматтың Конституциямен кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен еркіндігі толығымен қолданылатын этносаралық және конфессияаралық келісімнің айрықша үлгісі қалыптасты. Қазақстанның көпэтностық бай кеңістігінде сенім, келісім мен өзара түсіністік үлгісі орнады.