Ақпараттық түсіндіру тобы №1 орта мектебінде оқушы қыздармен кездесу өткізді.
Кездесудің мақсаты-дін саласындағы тұрақтылықты сақтау, діни экстремизм мен теріс діни ағымдардың алдын алу, ұлттық құндылықтарды насихаттау, білім беру ұйымдарында мектеп формасы талаптарын түсіндіру.
Басқосуға Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Айдана Сейдуәлі, Кентау қалалық ішкі саясат бөлімінің инспекторы Жайна Аринова қатысып, кері діни ағымдардың теріс идеологиясын, білім беру ұйымдарында мектеп формасын сақтау талаптарын түсіндірді. Кентау қалалық ішкі саясат бөлімінін «Кентау қалалық Руханият орталығы» КММ-ң теолог маманы Ұ.Құлтай деструктивті діни ағымдарға кеңірек тоқталды.
«Дiни дүрдараздық деген ұғым қазақ даласында күнi кешеге дейiн болмағаны баршамызға белгілі. Алайда, соңғы жылдарда асыл дiнiмiздi жеккөрiнiштi етiп көрсететiндер жер-жерден бой көтере бастады. Кешеге дейiн еліміз бiр дiндi, бiр мәзһабты ұстанып келдi. Ендi бүгiн әлемде түрлi мүдделер – кертартпа-жатпиғылды ағымдар көбейіп, дiнiмiзге әртүрлі жаман атаулар таңылуда» — деді теолог маманы Айдана Сейдуәлі.
Кентау қалалық ішкі саясат бөлімінің инспекторы Жайна Аринова жат ағымдардан сақтану керектігін айтты.
«Жат ағым, қарапайым халықты сонау ата-бабамыздан жалғасып келе жатқан дінінен үркітіп-шошыту мақсатында қаншама айлы-шарғыларын жасауда. Асылы Ислам дінінің атын жамылған ағымдар ашық та, жасырын да ел ішінде теріс бағытта өз мүдделерін жүзеге асыруда. Әсіресе, ұлттық дүниетанымына сай келетін Әбу Ханифа мәзһабын мойындамай, жоққа шығарғысы келетіндері анық. Сондықтан сақтанайық!» — деді ол.