Қоғамдық саясат институның мәліметінше, референдумға бір ай қалған уақыт ішінде халықтың аталған мәселе бойынша құлақтандырылуының жоғары деңгейі тіркеліп отыр. Сауалнама кезінде респонденттердің 74,6%-ы 2024 жылы 6 қазанда АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өткізілетіндігі туралы ақпараттан белгілі бір дәрежеде хабардар екенін көрсетті. Міне осы халық өзекті мәселе деп қабылдап келген АЭС салу жүйесі сөз болғалы қашан. Еліміздің болашағы үшін және электр энергиясынан тапшылық көрмеу үшін салынғалы отырған АЭС-тің зиянынан пайдасы көп деген сенімдемін.
Мамыр Қарабаев,
Кентау қаласының тұрғыны