Қазіргі таңда қоғамда АЭС салу қызу талқыланып жатыр. Әлеуметтік желіде де пікір көп. АЭС салынатын болса экономикамыздың барлық салаларына, сондай-ақ ғылымға, білімге, әлеуметтік салаға оң мультипликативтік әсер етеді, жоғары технологиялық, ғылымды қажетсінетін технологиялар мен аралас салалардың жедел дамуына мүмкіндік береді. Қазақстанда АЭС салу атом индустриясы үшін және тұтастай алғанда еліміздің бүкіл экономикасы үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Әлемдегі алпауыт елдер энергия көзін өздері өндіруде. Сол секілді біздің елімізде АЭС салу арқылы энергиядан тапшылық көрмейді. Сонымен қатар, бірқатар жұмыссыз жүрген адамдарға жұмыс көзі ашылады.
Құрбанәлі АТЫМТАЙ,
Кентау қаласының тұрғыны