Қазақстанда атом электр станциясын салу жөнінде қалалық ақпараттық-насихаттық топтың кездесуі қалалық емхана ұжымымен өтті. Атом электр станциясын салудағы басты қажеттілік – еліміздегі электр энергиясы тапшылығын шешу екендігі түсіндірілді. «Кентау экскаватор зауыты» АҚ еңбек ардагері Серік Мырзахметов атом электр станциясын салудың пайдалы жақтарын атап өтті. Кентау қаласының Құрметті азаматы Дәрібаева Бибі «АЭС бір жылда салынатын мекеме емес. Оның құрылысы да біршама уақытқа созылады. Яғни, қауіпсіздік шаралары барлық тұстан қарастырылады. Сол арқылы ғана АЭС өз жұмысын бастайды» деп жан-жақты тоқталып өтті. Қалалық емхана ұжымы сауалдарына нақты жауап алып, АЭС салуды қолдайтынын білдірді.