Кентауда ҰОС ардагері, майдангер Бадан Төребаев елімізде өткізіліп жатқан референдумда өз дауысын берді. Таңдауын жасаған ардагер елдің амандығын тілеп, бата берді.
1924 жылы дүниеге келген Бадан Төребаев 1944 жылы 15 қазанда шақыртумен әскерге аттанып, 4 ай әскери дайындықтан өткен соң, Белоруссиядан бастап Берлинге дейінгі қан майдандарда шайқасқан.
Майдангер ауыр шайқаста көзге түсіп, «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Сондай-ақ І-ші дәрежелі «Ұлы Отан Соғысы» орденімен, 2 рет «Ерлігі үшін», «Берлинді алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен наградталған.
Жалпы Кентау қаласы бойынша 35 учаскелер 56 405 дауыс беруші тіркелген. Қазіргі таңға дейін тұрғындардың басым көпшілігі өз таңдауларын жасаған. Дауыс беру кешкі 20:00 ге дей жалғасады.