Кентау қаласы Хантағы ауылындағы №60 референдум учаскесінде Отан алдындағы борышын өтеп келген, көпбалалы отбасыдан шыққан кенже ұл Кенжебек Байтуған өз таңдауын жасады.
Ол Алматы 61993 әскери бөлімі десанттық шабуылдау әскерінде өз борышын өтеп, елдің болашағына бей-жай қарамайтын азамат, саясаи науқанда өз таңдауының да ел үшін маңыздылығын көрсетті.
Сарбаз көтеріңкі көңіл күймен келді. Ол өзінің болашағы үшін дауыс бергенін жақсы түсінеді және осы референдумнан оң нәтижелер болатынына сенім білдірді.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 2 қыркүйектегі № 636 Жарлығына сай, бүгін еліміздің барлық өңірлерінде референдум өтіп жатыр. Бұл референдум мемлекеттік маңызы бар мәселе, «Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» деген сұраққа әрбір қазақстандықтың беретін жауабын айқындайды.