Кентаулықтар референдумға белсенді қатысып жатыр. Қаламгерлерде саяси науқанға белсенділік танытуда. Ақын Мұхит Махажанов өз таңдауын жасап, дауыс берді. Сондай-ақ, көпшілікті референдумға белсенді қатысуға шақырды.
Жалпы Кентау қаласы бойынша 35 сайлау учаскелері 55 932 сайлаушы тіркелген. Сайлау учаскелерінің барлығы қажетті материалдық-техникалық базамен толық қамтамасыз етілген. Референдум учаскелерінде алғаш рет дауыс беруге қатысқан жастарға сыйлықтар үйлестірілсе, тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлау мақсатында концерттік бағдарламалар ұйымдастырылуда.