Кентаулық әжелер қоғамдық және саяси жұмыстарға әрдайым белсенді қатысады. Бүгінде референдумға ұлттық киіммен шығып, дауыс беріп жатыр. Атап айтар болсақ, Хантағы ауылындағы әжелер алқасының мүшелері дауыс беру учаскелеріне барып, өз таңдауларын жасады. Ұлттық киіммен барып салт-дәстүр мен ұлттық құндылықтарды насихаттады. Ал, Байылдыр ауылында дауыс берушілерге бауырсақ таратты. Дауыс беруге келген жас отбасыларға бата берді. Ішінде келіндерін ертіп келіп, ұрпақтар сабақтастығын көрсеткендер де болды.
Кимешек киген әжелер кешке дейін қызмет көрсетуді жоспарлап отыр. Арасында жасы егде тартқан, 100-ден асқан кейуаналарды да құттықтап, хал жағдайларын біліп шықпақ.