gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Мақтааралдық оқушылар чемпион атанды

23 сентября, 2024
in Білім
0
Мақтааралдық оқушылар чемпион атанды
Share on FacebookShare on Twitter

Мақтаарал ауданындағы Қ.Қайсенов атындағы №51 жалпы білім беретін мектептің «Парасат» дебат клубының оқушылары Түркістан қаласында оқушылар арасында өткен республикалық пікірсайыс турнирінің облыстық кезеңіне қатысқан болатын. Турнир бүкіләлемдік мектеп форматында өтті. Ой ұшқырлығы мен интеллект сынға түскен бұл турнирде оқ бойы озық шыққан мектеп пікірсайысшылары облыс чемпионы атанды.

Бұйыртса, бұл оқушылар қазан айында Астана қаласында өтетін турнирдің республикалық кезеңіне қатысатын болады. Олардың қатарында 11 сынып оқушысы Анарбай Альбина, 10 сынып оқушысы Қалдар Альбина, 10 сынып оқушысы Жексенбай Арайлым, 11 сынып оқушысы Мұхтархан Нұрғиса, 9 сынып оқушысы Ерхан Шұғыла бар.

Жақында ауданның абыройын асқақтатқан жеңімпаз оқушыларды аудандық білім бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Қайрат Арап арнайы құттықтап, алдағы жарыс додасында сәттілік тіледі.

Айта кетейік, бүгінде Түркістан облысындағы білім беру ұйымдарында 500 мыңнан астам бала білім алады. Республикадағы әрбір жетінші оқушы біздің облысымызда. Жаңа оқу жылында облыс мектептеріне бірінші сыныпқа 52 мыңнан астам бүлдіршін қабылданды.

Қазіргі таңда облыста 20 мектеп ғимаратының құрылысы жүргізілуде. Бұл 20 мектептің 13-і биыл пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, биыл облыстағы 4 апатты және 5 үш ауысымды мектептердің мәселесі толығымен шешіледі. Осы жылы облыста «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 29 мектептің құрылысы жүргізілуде. Онда 14 мың оқушы білім алатын болады. Биыл үнемделген қаражат есебінен 350-ге жуық білім беру мекемесін жөндеу және табиғи газға ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл – облыстағы әрбір үшінші мектеп жаңартылды деген сөз!

Previous Post

Бетпақдаладағы қалашық: Уран қалай өндіріледі

Next Post

Атом электр стансасы еліміздегі энергетикалық дағдарысты шешудің бірден-бір жолы

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz