Оқушылардың жетістігі – мектептің мақтанышы. Жетісай ауданындағы «№49 «Сырдария» жалпы білім беретін мектеп оқушылары өткен оқу жылында көптеген жетістіктерге жетіп, ұстаздарының мерейін үстем етті. Айталық, облыстық «Алтына сақа» олимпиадасынан 3 сынып оқушысы Кеңесбек Дінмұхаммед Батырбекұлы Түркістан қаласында өткен интеллектуалды жарыста жүлделі ІІ орынды иеленді. Жетекшісі – Кулсариева Бейбіт. Қазақтың үш бәйтерегі С.Сейфуллин, I.Жансүгіров, Б.Майлиннің 130 жылдығына орай ұйымдастырылған «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты аудандық байқауда бақ сынаған Батырова Саламатхан ІІ орын алды. I.Жансүгіровтың 130 жылдығына орай өткізілген «Көркемсөз оқу шеберлері» атты аудандық байқауда да Батырова Саламатхан ІІ орыннан көрінді.
«Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға сабақ процесінде психологиялық қолдау көрсетуді ұйымдастыру » атты тақырыпта өткен аудандық семинар барысында аталмыш мектеп ұстаздары Сәдібекова Ж, Давлатова А сабақ өтіп, Алғыс хатпен марапатталды. «Педагогикалық идеялар панорамасы» атты республикалық байқаудың аймақтық кезеңінің «Оқу сауаттылығы» аталымында шетел тілі пәнінің мұғалімі Д.Ибаева жүлделі ІІІ орынға ие болды.
Жетісай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту» мекемесі тіл мәдениетін көтеру, үштілділікті насихаттау мақсатында үш тілді еркін меңгерген мұғалімдер арасында «ТІЛ ШЕБЕРІ» атты байқау ұйымдастырған болатын. Осы байқауға мектебіміздің атынан қатысып, жоғары деңгейде біліктілігін көрсеткені үшін Избаева Д Алғыс хатпен марапатталды. Педагогикалық идеялар фестивалінен шетел тілі пәнінің мұғалімі Маханова С да Алғыс хат алып қайтты.
Сонымен қатар, 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Махамбет оқулары» конкурсының аудандық кезеңінде 8 сынып оқушысы Ырысбай Әдемі байқаудың «Ел құтқарар ер едім» атты бағыты бойынша қатысып жүлделі ІІІ орынды иеленді. Жетекшісі – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Д.Искахова. «Ұлы арман» иллюстрациялық суреттер салу бағыты бойынша қатысқан 9 сынып оқушысы Айтбай Қазына Алғыс хатпен марапатталды. Жетекшісі – Ж.Сәдібекова.
“ОқуVision” оқушылардың оқу дағдысын дамыту мақсатында пилоттық режимде жұмыс жасаған жобаға мектебіміз белсене қатысып, оқушыларымыз ағылшын тілі пәніне деген ынтасының жоғары екенін дәлелдегені үшін аудандық білім бөлімі тарапынан Алғыс хатпен марапатталды. Оқушылар арасындағы ғылыми жұмыс бойынша Ырысбай Әдемі Сейітжанқызы екінші дәрежелі дипломға ие болды. «Дала данышпандары» тақырыбы аясында 7-8 сынып оқушылары арасында өткізілген облыстық эссе байқауының аудандық кезеңінде үздік нәтиже көрсеткені үшін Айтбай Қазына үшінші дәрежелі дипломмен марапатталды.
«Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға сабақ процесінде психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді ұйымдастыру» тақырыбында жалпы білім беретін мектептердің арнайы педагогтар мен логопед-педагогтарға және педагог-ассистенттерге аудандық семинар өткізілді. Сонымен қатар, қазақ халқының ұлы ақыны А.Құнанбаевтың өлеңдерін жатқа оқудан өткізілген конкурсқа 6-9 сынып оқушылары қатысып, Алғыс хатпен марапатталды. Оқушылар арасындағы ғылыми жұмыс бойынша Ырысбай Әдемі Сейітжанқызы 2 дәрежелі дипломмен марапатталады. Жетекшісі – Избаева Дариға Жиенбайқызы.
Мектебіміздің КББП Г.Сатыбалдиева және кәсіби профориентолог Жансая Жасұзақпен біргелесе отырып, 9-10-11 сынып оқушыларымен «Мамандық- өмір таңдауы» атты тақырыпта тренинг өтті. Кітапхана меңгерушісі Қазақстан Республикасы Оқу –ағарту министрлігі әзірлеген «Тоғыз айда 9 іс -шара» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Сүйікті кітабым» атты көрме ұйымдастырып, мектептің білім алушыларын жаңадан келген кітаптармен таныстырды. «Мың бала» республикалық зияткерлік орталығы ұйымдастырған «Абай оқулары» конурсынан 1-сынып оқушылары Асан Дарын Мейірбекұлы І орынды, Қалмұханбет Айару Қалқожақызы І орынды, Жалғасбай Дана Абайқызы І орынды жеңіп алды. Жетекшісі Жорабекова Гүлмира Алғыс хатпен марапатталды.
Білім ордасында ерекше білімді қажет ететін оқушыларға жайлы жағдай жасау мақсатында Ш. Орынбеков атындағы Психологиялық- педагогикалық қолдау кабинеті ашылған. Шымкент қаласында «Дарынды жұлдыздар» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен өткен » Жібек жолы» конкурсына аталмыш мектептен Әбілхайыр Ғализа қатысып Бас жүлдені жеңіп алды. Бұйыртса, қазан айында Түркия мемлекеті Ыстамбул қаласында өтетін «Jpek yolu» халықаралық балалар фестиваліне қатысады. «Бабалар мұрасы ұрпаққа аманат» эпостық –жырлар байқауына мектебіміздің 7 сынып оқушысы Ырысбай Әдемі қатысып, дипломмен марапатталды.