лдағы АЭС бойынша референдум тек бір қала немесе облыс тағдырына байланысты емес, ол тұтас мемлекеттің болашағына әсер ететін, бұдан да жарқын келешектің іргетасын қалайтын аса маңызды күн. Сол себепті насихат жұмыстары А. Құнанбаев атындағы №5 білім ошағында ауыл тұрғындары және мектеп ұжымының қатысуымен басқосу өткізілді. Мемлекет басшысының халыққа Жолдауын насихаттап, АЭС құрылысына қатысты жалпыхалықтық референдумның маңыздылығы туралы сөз қозғап, АЭС ел экономикасының дамыуына үлкен септігін тигізетінін айтты.Жиында күрмеуі шешілмей жатқан энергия мәселесінің шешімін табу жөнінде сөз қозғалып талқыланды. Сонымен қатар, 6 қазан күні өтетін жалпы ұлттық референдумға жаппай қатысуға шақырды. АЭС салуға қатысты сауалдарына жауап мектеп ұжымы АЭС салуды толық қолдайтынын білдірді.