Мектепті білім айдынындағы үлкен кеме десек шатаспаймын. Біздің білім ұямызда оқушылардың сапалы білім мен саналы тәрбие алуға барынша жағдай жасалып келеді. Айталық, биыл мектептің тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарлары «Әжелер мектебі» клубын құрып, ауылдағы бір топ әжелерді мектепке шақырып, оқушылармен кездестірді. Кездесуде ұлттық құндылықтар жайлы балаларға тәлім-тәрбие, өнегелі әңгімелер айтылды.
Одан бөлек мектеп оқушылар үшін «Қаржылық сауаттылық» жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп келеді. Цифрлық технология ғасырында әр түрлі жарнамаларға сеніп, банк карточкалары арқылы құмар ойындарға ақша салып отырған жасөспірімдерде аз емес. Сондықтан, мұндай шаралардың маңызы зор деп білемін. Қазіргі таңда біздің мектепке төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында сейсможаттығулар өткізілді. Мектеп қабырғасында табиғи апаттар орын алған жағдайда әр бір сыныптан, әрбір қабаттан сыртқа шығарылатын есіктердің үнемі ашық болуы қадағаланды.
Мектебіміздегі балалардың спортқа деген қызығушылығын ояту мақсатында биыл 3 рет жарыс өткіздік. Нәтижесінде, мектебіміздің дене шынықтыру пәні мұғалімдері Юлдашев Ғуламжон мен Наримтаев Рустамжан дайындаған бір топ оқушылар баскетболдан 7-8 сынып оқушылары арасындағы «Мектеп лигасында» жүлделі І орынды алып қайты. Қызылорда қаласында 25 мемлекет арасында өткен валейбол халықаралық турнирден мектебіміздің оқушылары І орын алып қайтты. Бұл біз үшін мақсатыш.
2023 – 2024 оқу жылында 26 мектеп түлегіміз мемлекеттік грант иегері атанды. Абдуллаев Жамшид 1 жылдық оқу құны 88 млн тенге құрайтын жоғары оқу орнының грант иегері атанды. Бұл да біз үшін үлкен жетістік. Мәртебе. 2024-2025 оқу жылында 65 оқушымыз мемлекеттік грантқа үміткер болып отыр. Бұйыртса, бұл оқушыларымыз да мектеп ұстаздарының мерейін үстемдетіп, абыройын асқақтата береріне сенім мол.
Мураджан АБДУЛЛАЕВ,
№10 «Қарабұлақ» жалпы білім беретін мектептің директоры.
Сайрам ауданы.