Қоғамымызда мұғалімнің рөлі тек білім берумен шектелмейді, ол жас ұрпақтың жүрегіне адамгершілік, адалдық, еңбекқорлық сияқты қасиеттерді сіңіреді. Сондықтан да мұғалім еңбегі ерекше құрметке лайық. Бүгінде Түркістан облысында жемісті еңбек етіп жүрген педагогтар көп. Олардың ішінде қыз-келіншектердің үлесі басым. Айталық, Түркістан қаласындағы Хамза атындағы №2 жалпы білім беретін мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Хильветова Нулуфар Әділқызы өзінің 5 жылдық жұмыс өтілі барысында үлгілі және де білімді оқушыларды тәрбиелеп, оларды білім нәрімен сусындатып келеді.
Мұғалім болу – үлкен жауапкершілік. Ол күн сайын мектеп табалдырығын аттап, шәкірттерімен жүздескенде олардың болашағын ойлайды, әрбір баланың жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді.
Нулуфар Әділқызы мұғалім – тек кәсіп емес, әрбір оқушының болашағына әсер ету мүмкіндігі зор мамандық. Қазіргі уақытта кейіпкеріміз өз оқушыларының табысты да білімді болуына ықпал етіп келеді.
Нулуфар Әділқызы оқушылармен жұмыс істеу және тәжірибелік білімі бар және де бұл білімді жұмыс барысында қолдана алатын ақылды да ізденімпаз жан. Мұғалімнің басты құралы – білім, ал оның нәтижесі – шәкіртінің жетістігі мен өмірге деген көзқарасы. Ұстаз еңбегі әрдайым қоғамның дамуымен тікелей байланысты, өйткені нағыз еңбек адамы тәрбиеленгенде ғана мемлекет болашағы жарқын болады. Болашақта Нулуфар Әділқызы бұдан да биік белестерден көрініп, білімді оқушыларды ұясынан ұшыруына сеніміміз мол.