Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының азаматтардың құқықтық санасын арттыру, «Әділ Қазақстан» ұлттық идеясын қалыптастыру бойынша және «Адал азамат» тұжырымдамасын ілгерілету үшін заңнаманы түсіндіру бойынша Бас прокуратураның 2024 жылға арналған Медиа-жоспарын орындау бойынша мүдделі мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қатысуымен қала әкімі аппаратында брифинг өтті.
Брифингке Кентау қаласының полиция бөлімінің ЖПҚБ ювеналдық полиция тобының ЮПТ аға инспекторы, полиция майоры Жанболат Ахметов, Қалалық білім бөлімінің бас маманы Едіге Апиев, Қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жалғас Жақаев, қала әкімдігінің баспасөз орталығында қалалық әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Ергали Балабековпен Кентау қалалық пробация қызметінің бастығы, әділет капитаны Ғалымжан Бердишев қатысып, атқарылып жатқан жұмыстар бойынша баяндамаларын оқып, қойылған сұрақтарға жауап берді.
Жалпы мектептерде «Түнгі қала», «Жасөспірім» жедел профилактикасы аясында кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында, ерікті педагогтерден құралған мобильді топ мүшелері мен қала әкімдігі, ішкі саясат, полиция, прокуратура, жастар орталығымен 47 күндізгі және түнгі рейдттер жүргізілген. Рейд барысында беймезгіл уақытта заңды өкілінсіз жүрген 62 оқушы анықталып, 42 ата-анаға әкімшілік айыппұл салынған.
— Жалпы білім беретін мектептерде құқықбұзушылықтың, нашақорлықтың, жыныстық тиіспеушіліктің, ерте жүктіліктің алдын алу және болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру бойынша қала әкімдігімен бекітілген Мемлекеттік құзырлы органдармен бірлескен 2023-2024 оқу жылына арналған кешенді жоспары, 9 айда 9 іс-шара,4 тоқсанда 4 жоба аясында жоспарлары түзіліп, жалпы білім беретін мектептерде 36 тақырыптық сынып сағаттары, мектептерде 2 ашық есік күні,4 тоқсанда 4 ата-аналар жиналысы,11 ашық тәрбие сабақтары, 1 ата-аналар форумы, мүдделі органдар мен емхана дәрігерлерінің, әжелер алқасы, әкелер мектебінің қатысуымен 2 облыстық, 12 қалалық семинар, кездесулер, дөңгелек үстел, ақпараттық, профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді, — деді полиция майоры Жанболат Ахметов.
Оқудағы мақсат — жалғыз құрғақ білім үйрету емес,біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса беру демекші, қаншама іс-шаралар өтілгенімен құқықбұзушылық орын алады. Қалалық білім бөлімінің бас маманының сөзіне қарағанда қазіргі таңда «құқықбұзушылыққа бейім» мектепішілік есепте 31 оқушы, қалалық полицияда 4 оқушы тіркеуде, 53 оқушы лидерлікке бейім есебінде. «2022-2023 оқу жылымен салыстырғанда қалалық есепте 6 оқушы болса, 2023-2024 оқу жылында 4, 2 құқықбұзушылық кеміді. Мектепішілікте 25 оқушы болса, қазіргі таңда 31 оқушы, 6 оқушыға артты. Қалалық, мектепішілік құқықбұзушылыққа бейім оқушыларға арнайы қоғамдық тәрбиеші бекітіліп, жеке 36 кеңес жұмыстары 18 полиция қызметкерлерінің қатысуымен профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Полиция бөлімімен бірлескен жоспар бойынша кәмелет жасқа толмаған полиция бөлімінің тыныс тіршілігімен танысу мақсатында 490 оқушы қалалық полиция бөліміне, 870 оқушы бөлімнің «Отанды сүю ең ұлы сезім» жобасы аясында А.Ясауи, Ақ мешіт, Домалақ ана, Аппақ Ишан, Гаухар ана тарихи орындарына саяхат жасады», — деп атап өтті полиция майоры.
Сонымен қатар, полиция бөлімінің ЖПҚБ ювеналдық полиция тобының ЮПТ аға инспекторы, полиция майоры Жанболат Ахметов жазғы демалыс кезінде және де кішкентай балаларды жалғыз қалдырмау керектігін және сақтық ерелерін де айтып өтті.
— Жаз-балалар үшін сауық-сайран мен жайбарақаттық кезең. Ата-аналар өте мұқият болу керек, себебі демалыс орындарында әтүрлі қауіптер болуы мүмкін. Сондықтан əр ата-ана жаз мезгіліндегі қауіпсіздік ережелерімен таныс болған жөн. Балалар бойына жеке қауіпсіздігін сақтау дағдыларын қалыптастырыңыздар. Балалармен жеке әңгіме жүргізіңіздер, маңызды ережелерді түсіндіріңіздер. Оларды ұстану өмірлерін сақтауы мүмкін. Қараңғы түскен уақыт пен түнде яғни, 22.00-ден 06.00-ге дейін балалар мен жасөспірімдерге үлкендерсіз көшеде жүруге заңды түрде тыйым салын,анын балаларыңызға айтып түсіндіріңіздер. Өз балаңыздың қайда, кіммен жүргені туралы үнемі біліп отырыңыз, барған орнын бақылаңыз. Бөгде адамдармен сөйлесуге тыйым салыңыз. Балаңызға егер біреу оған қиянат жасағысы келсе, әрқашан кімге болса да «жоқ» деп айтуға толық құқығы бар екенін түсіндіріңіз. Сонымен қатар, жазғы демалыста табиғат аясына шыққанда балаңыз суда шомылған кезде одан көз алмаңыз, басқа нәрсеге алданбаңыз, сол сәттегі бір минутта қараусыз қалған баланың жағдайы қайғылы оқиғаға ұшыратуы мүмкін. Балаларға жалғыз суда шомылуға, сонымен қоса білмейтін жерде сүңгуге болмайтынын міндетті түрде түсіндіріңіз. Сонымен қатар, табиғат аясындағы демалыс орнында өрт қауіпсіздігінің ережесін де балаларыңызға түсіндіріңіздер. Жол-көлік уақиғасының құрбаны немесе себепші болмауы үшін, балаларға жол жүру ережелерін үйрету қажет, жолда және қоғамдық көлікте мұқият болуды үйретіңіз; балалармен ойын және спорт алаңында, жорыққа шыққанда абайлаңыз және қауіпсіздік талаптарын сақтаңыз; велосипедте, квадроциклда, мопедте, мотоциклда балармен жүру ережені жаттаңыз. Есте сақтаңыз! 14 жасқа толмаған балаларға велосипедті автомагистраль мен соған тең жолдарда жүргізуге, ал 16 жасқа толмаған балаларға скутерді, мопедті, квадроциклді жүргізуге тыйым салынады, — деді полиция бөлімінің ЖПҚБ ювеналдық полиция тобының ЮПТ аға инспектор.
«Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-нің «Әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу» бөлімінің 2024 жылдың 4 айында Зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша ағымдағы жылда 4 ай ішінде, 4 бағыт бойынша 84 адамға 93 қызмет көрсетілген.
Жайсыз отбасылардың жағдайын зерделеу үшін құқық қорғау қызметкерлерімен бірлесе үй аралау жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізіліп, 32 отбасыға талдау жұмыстары жүргізіліп жайсыз 5 отбасына атаулы әлеуметтік көмек алуына көмек берілген.
Пробация қызметінде жалпы 71 адам есепте тұр. Атап айтқанда, 11 адам белгілі бір қызметпен айналысу немесе белгілі бір іс-әрекетпен шұғылдану құқығынан айрылғандар, 4 адам қоғамдық жұмысқа сотталғандар, 52- адам бас бостандығын шектеуге сотталған, 3 адам шартты түрде сотталғандар, 1 адам жазасын өтеуді кейінге қалдырылған. Оның ішінде алты әйел, бір кәмелет жасына толмаған жасөспірім тіркеуде тұр.
— Осы жылдың басынан бері қздерінің жіберген қателіктерінен нәтиже шығара алмаған 7 сотталған азаматқа қатысты бас бостандыған айыру туралы ұсыным жолданып, қазіргі таңда жіберілген ұсыным Кентау қалалық сотында қаралып, 2 сотталған азамат бас бостандығынан айру жазасына тартылды. Ал 1 сотталған азамат жаза өтеу ережесін бұзғаны үшін пробациялық бақылау мерзімі сот шешімімен ұзартылды. Сондай-ақ, жыл басынан бері сотталған азаматтармен тиісті деңгейде әлеуметтік-құқықтық көмектер көрсетудің нәтижесінде және олармен дұрыс тәрбиелік мәні бар профилактикалық әңгіме жүргізуінің нәтижесінде 21 азамат шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды, — деді қалалық пробация бқлімінің бастығы Ғалымжан Бердишев.
Сондай-ақ баспасөз бриффингі барысында мамандар тарапынан алдағы жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігіне мұқият болуды, қараусыз қалдырмау, тиым салынған аймақтар мен су арналарына жібермеу секілді ескертулер де айтылды. Жиын соңында брифингке қатысқан сала мамандарына журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға ұтымды жауаптар беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.