Ата-бабадан жалғасып келе жатқан қазақ халқының өнегелі қасиетінің бірі – қариясын құрметтеу. «Қарты бар үйдің қазынасы бар» деп бекер айтылмаса керек. Қазақ халқы қашанда қариясына ізет пен құрмет көрсеткен. Ақылы – дария, білімі – теңіз, өмірлік тәжірибесі мол қариялардан тәлім-тәрбие алған жастар ел ағалардың бастаған игілікті істерін жалғастыруда. Кентау қаласында еңбек ұжымдары зейнеткерлерінің басын қосатын үлкен қалалық ардагерлер кеңесі бар. Кенді шаһар ардагерлер кеңесі көп жылдан бері қызмет жасап келеді.
Қалалық ардагерлер ұйымының есебінде – 4694 ардагерлер тұрады. Қала бойынша зейнеткерлер саны- 10437 адам, тыл еңбеккерлері — 312, ҰӨС ардагері -1азамат, Ленинград блокадасына қатысушылар — 2, қайтыс болған жауынгерлердің жесірлері — 16. Қала бойынша 27 бастауыш ұйым бар. Ардагерлер ұйымының негізгі міндеті қала ардагерлерінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсартудың нақтылы жолдарын қарастыру, көмек көрсету. Біз бірде-бір ардагердің есептен тыс қалмауын қатаң қадағалаймыз. Міне, осылардың ешқайсысы елеусіз қалмауы керек. Әрбір ардагерге көңіл бөліп, назар аударған соң олар да белсенділіктерін арттыра бастады. Қала бойынша өтетін жиында, іс шараларда қаланы абаттандыру, жастар тәрбиесі, қоғамдық мәселелер туралы өз ойларын ашық айтып, ардагерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсартудың нақтылы жолдары жөнінде ұсыныстар білдіреді.
— Кентау қалалық ардагерлер ұйымының басты мақсаты – ардагерлердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға көмектесу, оларға мәдени-тұрмыстық, медициналық және басқа да қызмет түрлерінің сапалы көрсетілуіне ықпал ету, ардагерлердің жастарды аға ұрпақтың жауынгерлік және еңбек даңқы дәстүріне және ата-бабаларымыздың үздік ұлттық құндылықтар үрдісі негізінде тәрбиеленуіне, оларды қазақстандық патриотизм сезіміне баулуына қолдау жасау, ардагерлерге қатысты қоғамдық ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс атқару болып табылады, — деді Кентау қалалық «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігі төрағасының міндетін атқарушы Мамыржан Юлдашев.
Сонымен бірге зейнет демалысына шыққан ардагерлерді ардагерлер ұйымына тарту, солардың азаматтық белсенділігін көтеру болып табылады.
Қалалық ардагерлер ұйымдарының беделін арттырудағы еңбектері мен қосқан үлестерін назардан тыс қалдырған емес. Жыл сайын лайықты ардагерлер облыс әкімінің, қала әкімінің, «Аманат» партиясының Құрмет грамоталарымен, Алғысхаттарымен марапатталуда.
Бастауыш ардагерлер ұйымдарында данагөй ардагерлер қозғалысы белсенділерін қатыстыра отырып кездесулер өткізу, мерейлі ардагерлерді құттықтап, олардың еңбек жолдарын насихаттауды дәстүрге айналдыруда. Бір ғана мысал Түркістан облысы әкімінің орынбасары Б.Тәжибаев, Кентау қаласының әкімі Ж.Тасовпен бірге ҰОС ардагері Бадан Тұрабаевтың үйінда болып, ҰОС Жеңіске 79 жылдығы мерекесімен Облыс әкімі Д.Сатыбалдының, Қорғаныс Министрі Р.Жақсылықовтың және қала әкімі Ж.Тасовтың атынан алғыс хат пен сыйлықтар табыстадық. Сонымен қатар, С.Қожанов атындағы орталық саябақта ҰОС ардагерлеріне орнатылған ескерткішке гүл шоқтары қойып, ҰОС ардагері Бадан Турабаевқа және 45 тыл және еңбек ардагерлеріне мерекелік дастархан жайылып ас берілді. Әрбір өткізілген кездесудің тағылымдық мәні зор.
Жалпы аудан ардагерлеріне сый-құрмет көрсету ардагерлер ұйымының басты назарында. Қазыналы қариялардан құралған ұйым өкілдері қаламызда өткізген іс-шараларға белсене қатысуда. ардагерлеріміз де өздерінен үлкен буынға құрмет көрсетіп, жас ұрпаққа үлгі-өнеге көрсетуде.
— Осы жылға белгіленген іс-шаралардың көпшілігі ойдағыдай орындалды. Жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік мекемелер, дербес бөлімдер, шаруа қожалық басшылары, жеке кәсіпкерлердің көмегімен барлығы жүзден аса шара өткізілді. Оның ішінде сенбілік, ауылшаруашылық жәрмеңкесі, денсаулық саласының халыққа медициналық қызмет көрсету бойынша ашық есік күні, концерттік шара, спорттық шара өткізіліп, оған қаламыздағы белсенді зейнеткерлер қамтылды. Қала жастарымен бірлескен іс шаралар жүйелі түрде өткізіліп тұрады. Жастар ресурстық орталығы қала ардагерлерінің аулаларына тазалық жұмыстарын жүргізіп, мүмкіндігі шектеулі жандарға отын жарып, көмірін кіргізуге, қарын күреуге көмек көрсетіп келеді. Қаламызда 1 қазан – Қарттар күні мерекесіне арналған салтанатты іс шарасы ұйымдастырылып тқрады. ҰӨС ардагерінің үйіне барып құттықтаймыз. Сонымен қатар, осы жылы жалпы 1 рет Пленум отырысы, 6 рет төралқа отырысы өткізілді. Қаламыздың ардагерлері қалада және облыс көлемінде өткізілген іс-шараларға белсенді қатысып келеді. Жыл басында Мәжіліс депутаты Ұ.Сәдібековпен кездесу өткізіп, ардагерлердің ойында жүрген өзекті мәселелер талқыланып, ұсыныстар айтылды. Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы жұмысымен де танысты, — деді Мамыржаны Әлімханұлы.
Байылдыр ауылы әжелер алқасының төрайымы О.Рыскұлбекова мен клуб меңгерушісі ұйымдастыруымен ауылда «Абзал аналармен жүздесу» тақырыбында іс-шара өтті. Алқа мүшелері ауыл аналары белсенділік танытты. Ауған Соғысы ардагерлерінің ескерткішіне гүл шоқтар қою іс-шараларына қатыстық. Қалалық орталық кітапхана меңгерушілерімен мәдениет сарайында Әжелермен қала жастарының «Ұлттық дәстүрлерді дәріптеуде» кездесу еткізілді. Жастар кимешек киген әжелерді құрметтеп қарсы алды. Фоеде көрмелермен таныстырды. Әкелер мектебі төрағасы А.Сахов №19 мектеп 6 сынып оқушыларымен «Әкеге қарап ұл өсер» тәрбие сағат өткізілді. Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің кезекті Пленумы отырысына қатыстық. «Еңбекпен өскен ел мақтанышы» атты мақаламен «Еңбек Даңқы» орденінің толық кавалері, Қазақ ССР Мемлекет сыйлығының лаауреаты, Кентау қаласының құрметті азаматы Дүйсенбай Пайзиев тұралы мақала жарияланды. №14 Әл-фараби атындағы орта мектепте әжелермен бірге Аиада Уанасовамен «Қоғамдық салт-дәстүрлерді жаңғырту» тақырыбында шаш өру, қызға ат қою жайлы көріністер көрсетілді. Іс-шараға мектеп ата-аналары да қатысып қазақ дәстүрімен қанық болды.
«Бейбітшілік пен келісім сабақтары» тақырыбында Ю.Гагарин атындағы мектеп-лицейде кездесуге қатысып,жастарды ынтымағы ұйыған елдің болашағы үшін еңбек етуге, білім, ғылымды игнрудің артықшылықтары жайы түсіндірілді. Ардагерлер ұйымында жаңадан тағайындалған қала әкімінің орынбасары Н.Көкенов және қалалық Ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен кездесіп өзекті мәселелерді талқыланып, ардагерлер өз ұсыныстарын айтты.
Сонымен қатар, «Еңбек адамына — ерекше құрмет» акция бойынша Кентау қаласы Қарнақ ауылының тұрғыны, еңбек ардагері Матаб Имамитдинованы 85-жасқа толыуына орай құттықтап, алығыс хат пен сыйлық табысталды.
Сондай-ақ, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың жариялаған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына ардагерлеріміз қала тұрғындарын белсенді қатысуға шақырып интернет желілерінде Үндеу жариялап, қаладағы сенбілікке қатысуда. Парламент Мәжілісінің депутаты Ұласбек Сәдібектың Қарнақ ауылындағы қоғамдық қабылдауына қатысып,қаланың бір қатар өзекті мәселелеріні және Кентау қаласыны Экологиялық аймаққа енгізу мәселесіні көтерді. Ардагерлеріміздің атқарған жұмыстары да жетерлік.
Ардагерлер – еліміздің алтын қоры. Тәжірибесі мол аға буынның өмір жолы біз үшін аса құнды. Сондықтан xалқымыз ертеден-ақ үлкенге құрмет көрсетуді өсиет етіп, ұрпақтар арасындағы сабақтастыққа, үйлесімге ерекше мән берген. «Ата қайратты болса, бала ғибратты болады» деген қанатты сөз бекер айтылмаса керек. Ардагерлеріміз жастарды сабырлылық, қарапайымдылық қасиеттеріңізбен біздерді мейірімділік пен еңбексүйгіштікке, Отанға, отбасына деген адалдыққа және абыройлы болуға тәрбиелеп келеді. Ардагерлеріміз болашақ жас ұрпаққа қашанда жол көрсетіп, ұлттық болмыс пен құндылықты бойына сіңіре отырып, ақсақалдарымыз бен ақ жаулықты аналарымыздың өмірлік тәжірибесі мен бөлісіп, үнемі ақыл-кеңес беруден жалыққан емес. Біз, әрқашан «Үлкенге — құрмет, кішіге — ізет» деген аталы сөзді ұрпағының бойына сіңіріп өскен, қариясын қадірлеп, ардагерін ардақтаған текті елдің ұрпағымыз. Қазыналы қарттарымызды жылда қарттар күнімен құттықтап, қуаныш сыйлаудан ешқашан жалықпайық!