gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Бала бойындағы дарынды ашу кез келген адамның қолынан келе бермейді, ол тек мұғалімнің ғана қолынан келетін дүние

25 сентября, 2024
in Білім
0
Бала бойындағы дарынды ашу кез келген адамның қолынан келе бермейді, ол тек мұғалімнің ғана қолынан келетін дүние
Share on FacebookShare on Twitter

Мектеп мұғалімдерінің жұмысы олардың тәрбиелеп жатқан шәкірттерінің жетістігімен бағаланады. Біздің №92 «Ақсу» жалпы білім беретін мектепте білім алатын оқушылар білім бәйгелерінде топ жары, өңіріміздің абыройын асқақтатып келеді. Бұл біз үшін үлкен мәртебе. Айталық, мұғалім Мавланова Саиданың оқушысы Д. Надирханова Халықаралық байқауда жеңімпаз атанып, І-дәрежелі дипломмен марапатталды. Республикалық ауыл дарын олимпиадасының І кезеңіне біздің мектептен 10 оқушы қатысып, оның үшеуі жеңімпаз болды. Атап айтар болсақ, олар: Халмуратов Шахижахон, Юлдашева Шохистабону және Юлдашбекова Сарвиноз.

«Мағжан оқуларына» қатысқан 1-сынып оқушысы Ташметова Хадича жүлделі орынды иеленді. Оны сайысқан дайындаған мұғалім – Муртазаева Хуринсо. Сонымен қатар, «Мың бала» республикалық байқаудың облыстық кезеңінен 6 сынып оқушысы Досматова Робия, 7 сынып оқушысы Абдихашимов Руслан, Сарварханов Азиз және Закиржанова Мадина жолдама алды. «Шәкір ой» олимпиадасына қатысқан 10-сынып оқушысы Камилжанова Зарина ІІ орынды, 8-сынып оқушысы Абдазимова Гулноза ІІІ орынды иеленді. «Алтын түлек» байқауында 11-сынып оқушысы Ирстаев Хусан ІІ орыннан көрінді.

Жалпы өткен оқу жылы біз үшін жемісті болды десек болады. Білім ошағымыз мемлекеттік аттестациядан сәтті өтті. Сонымен қатар, демеушілер есебінен мектепте оқушыларға арналған су фонтаны орнатылды. Мектептің кіреберіс залына Мемлекеттік рәміздер, Қазақстан картасы орнатылып, мектептің залы жаңа стильде стендтермен жабдықталды. Мектеп қақпасының кіріберісіне күзетшілер үшін арнайы бөлме құрылды. Мектепте ғаламтор желісі орнатылды. Мектеп кіреберісіне лоток қойылды.

«Мектеп – кеме, білім – теңіз» дегендей, біз білім ошағымызда оқушылардың сапалы білім алуына барынша көңіл бөлеміз. Ұстаздар қауымы ел ертеңі болар ұландардың бойына біліммен қатар өнерді, адамгершілік пен адалдықты, шыншылдық пен қайырымдылықты, рухани байлық пен ұлттық байлықты сіңдіруге атсалысады. Бұл қасиеттер балаларды тұлға етіп қалыптастыруда зор рөл атқарады. Былай қарағанда, ұстаз құдды бір ағып жатқан өзен секілді. Шөлдеп жүргенді қандырып, терлеп жүргенді сусатады. Айналасына қуат беріп, таудай қиындықтарды тастай домалатып, жер деген әлемді көркейтеді.

«Бала жүрегі кішкентай күйсандық, сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт тұруы керек» деп Мұхтар Шаханов ағамыз айтқандай, бала бойындағы дарынды ашу кез келген адамның қолынан келе бермейді, ол тек мұғалімнің ғана қолынан келетін дүние деп білемін.

Мураджан ШАИМОВ,

№92 «Ақсу» жалпы білім беретін мектептің директоры.

Сайрам ауданы.

Previous Post

Білім беру саласында жасанды интеллектіні қалай қолданамыз?

Next Post

Атом электр станциясын салуға мүмкіндік мол

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz