Бүгін Кентау қаласында дін саласына қатысты семинар өтті. Басты мақсат — облыстық жоғары, арнаулы орта оқу орындарындағы студенттер мен мектеп оқушылары арасында дін саласына қатысты өткізілетін жұмыстарды қорытындылау және іс-шараларды ұйымдастырушы мамандарға біліктілігін арттыру.
Жиынға Түркістан облысы Дін істері басқармасына қарасты «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы І.Нағызхан, Кентау қалалық ішкі саясат бөліміне қарасты «Руханият орталығы» КММ-нің басшысы Қ.Бекметов қатысты.
Кездесуде «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы І.Нағызхан ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысы бойынша кең көлемді мәлімет берді. Ал, Руханият орталығы» КММ-нің басшысы Қ.Бекметов ақпараттық-түсіндірудегі қателіктерге жол бермеу жайын жеткізді.
Жиынға қатысушыларға арнайы сертификаттар берілді. Кездесу сұрақ жауаппен жалғасты.