Бүгін Кентау қаласында ақпараттық-түсіндіру топтары мүшелерінің біліктілігін жетілдіруге арналған семинар өтті. Жиынға Түркістан облысы Дін істері басқармасына қарасты «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы І.Нағызхан, Кентау қалалық ішкі саясат бөліміне қарасты «Руханият орталығы» КММ-нің басшысы Қ.Бекметов қатысты.
Кездесуде «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы І.Нағызхан ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысы бойынша кең көлемді мәлімет берді. Ал, Руханият орталығы» КММ-нің басшысы Қ.Бекметов ақпараттық-түсіндірудегі қателіктерге жол бермеу жайын жеткізді.
Жиында қалалық ақсақалдар алқасының төрағасы Мұхтар Молжігітов, қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының міндетін атқарушы Мамыржан Юлдашев және ардагер ұстаз, Кентау қаласының Құрметті азаматы Бибі Дәрібаева сөз сөйлеп, жастарды жат ағымдардан сақтаныду жолындағы тәжірибелерімен бөлісті.
Кездесу сұрақ жауаппен жалғасты. Ал, жиын соңында ақсақалдар Алладан елдің амандығын тілеп, бата берді.