Бүгін Кентау қаласыда орналасқан Әл-Фараби атындағы №14 жалпы орта мектебінде теолог мамандар оқушылармен кездесті. Басты мақсат — дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету, діни экстремизм, терроризм және кереғар ағымдардың алдын алу.
Жиынға Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Б.Өтеген, Кентау қалалық «Руханият орталығы» КММ-нің теолог маманы Ұ.Құлтай қатысты.
Теолог маман Б. Өтеген діни тұрақтылық қоғамдағы адамдардың діни наным-сенімдері мен мәдени ерекшеліктеріне құрметпен қараудан басталатындығын жеткізді.
«Ең бастысы — бұл елдің ішіндегі бейбітшілікті, келісімді және қоғамдық бірлікті қамтамасыз етеді. Қазақстанның түрлі этникалық топтарының өкілдері арасында өзара сыйластықты қалыптастыру діни тұрақтылықты нығайтады. Тұрақты діни ахуал қоғамның ынтымақтастығын арттырып, әлеуметтік үйлесімділікті күшейтеді» — деді ол.
Еліміз Тәуелсіздікке қол жеткізген алғашқы жылдары Қазақстанға түрлі діни ағымдардың көптеп келгені ақиқат. Дін атын жамылған олардың іс-әрекеті мемлекет тарапынан қатаң бақылауға алынып, тиісті шаралар қабылданды.
«Біздің көпұлтты еліміз үшін қоғамдық-саяси тұрақтылық пен ұлтаралық келісім маңызды рөлге ие. Ұлтаралық және конфессияаралық келісім – Тәуелсіз Қазақстанның «Мәңгілік Елге» айналу жолындағы басты игіліктерінің бірі. Әртүрлі этникалық және көпконфессиялы көрсеткіштер елдің демократиялық бағытта дамуына ықпал етуде» — деді Б.Өтеген.
Ал, Ұ.Құлтай діни діни экстремизм, терроризм және кереғар ағымдардың алдын алу бағыттарын кең көлемде түсіндіріп берді.
«Зайырлы мемлекетіміздегі дін мен дәстүр бірлігі – өткеніміздің тарихы, болашағымызды кепілі. Сондықтан да жастарды әртүрлі жат ағымдардың жетегінде кетуден сақтандыру үшін оларды жастайынан өзінің асыл дінін, төл тарихын, ұлттық құндылықтарын бойына сіңіріп өсуіне баса мән беру өте маңызды. Осы тұрғыда дәстүрлі тәрбие мен рухани тәрбиені сабақтастыра отырып толып кемелді, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу үшін жұмыстар ұдайы атқарылуы керек» — деді Ұ.Құлтай.
Сондай-ақ, қой терісін жамылған қасқыр сияқты дін атын жамылған жат ағым мүшелері діни сауаты төмен, әлеуметтік тұрмысы нашар азаматтарымызды қатарларына тарту үшін, өздерін дұрыс жолдағы шынайы діндарлар етіп көрсететіндігін жеткізді.
«Отанына, отбасына және ата-бабамыз ғасырлар бойы дәріптеген дәстүрлі дініне күмән тудырып, қалыптасқан салт-дәстүрімізге қарсы қояды. Сондай-ақ, бұндай топтағы азаматтар отансүйгіштік, ұлтжандылық сезімдерін бағаламайды әрі мемлекеттік рәміздерді, жергілікті биліктің шығарған заңдарына бағынбайды және мойындамайды» — дейді.
Теолог маман елдің, ұлттың, халықтың тұтастығын сақтап қалу үшін, өздерін ғана ақылды санайтын, дін үйретушілерден барынша сақтану қажеттігін ескертті.
«Шынында діннің атын жамылған ағымдар мен топтар діни сауаты аз азаматтарымызды өз қармақтарына түсіріп, тіпті өздеріне белсенді жақтасқа айналдырып, өзімізге қарсы қойып үлгерді» — деген ол, деструктивті діни ағымдардың негізгі ұстанымдарын былайша түсіндіріп берді.
Халықтың діни ұғым, дәстүрлеріне байланысты:
1- Қарт кісілердің жастарға беттерін сипап, берген «батасын» теріске шығару. Сүннет бойынша бетті қолмен сипауға болмайды-мыс.
2- Келіннің күйеуінің ата-анасына иіліп сәлем бергенін теріске шығару, бұл олардың пікірінше Алладан басқа тағы да біреуге табыну болады-мыс.
3- Мұсылмандардың молаға зиярат етуін теріске шығарады, пұтқа табыну болады-мыс.
4- Құранды өлген адамдарға арнап оқуды теріске шығарады.
5- Өнерді теріске шығарады.
Халықтың дәстүрлі ұлттық киіміне байланысты:
1- Арабтар мен пакістандықтардың киімдеріне еліктеу
(еркектердің ұзын көйлектері мен орамалдары)
2- Балағы қысқа немесе кесілген шалбар киеді, «тірсектен түскен киім-тозақ отына барады».
3- Ұзын әрі күтілмеген сақал өсіру, бұл құдайдан қорыққандықтан-мыс. Олар сақал қоюды уәжіп санайды.
Туыстық қатынастарға байланысты:
1- Ата-аналары дайындаған тамақтан, олар намаз оқымай дайындады деп, бас тартып қарсыласады.
2- Ата-ана, ағайын туыстары, дос жаран, тамыр-таныс, көрші қолаң мен қарым-қатынаста үйлену тойлары, туған күн, мемлекеттік мерекелер, еске алулар, діни-рухани рәсімдердің бәрі олар үшін жағымсыз, шариғатқа қайшы әрекет.
3- Әйел, қызбалалар, олар үшін бір зат немесе екінші сортты, тіпті құл-күң дәрежесінде ұғынылады.
4- Басқа туыстарымен араласқан кезде, өздерінің Ислам туралы жеке түсінігін тықпалайды және олардың ойынша «мешіттерде сауатсыз имамдар отырғандықтан» тек қана өздерінің уәһһабилікті дәріптеуші ұстаздарын тыңдауды талап етеді.