БЕКІТЕМІН
Кентау қаласының әкімі
_____________ Ж.Тасов
«___» _______2025 жыл
Кентау қаласының 70 жылдық мерейтойына орай логотип әзірлеу бойынша конкурс туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ереже
1.1. Осы Ереже Кентау қаласының 70 жылдығына орай логотип әзірлеуге арналған шығармашылық конкурсты (бұдан әрі – Конкурс) ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.
1.2. Конкурсты ұйымдастырушы: Кентау қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі. Электрондық поштасы: kentau_kultura@mail.ru
- Конкурстың мақсаттары мен міндеттері
2.1. Кентау қаласының 70 жылдық мерейтойлық іс-шараларында қолданылатын заманауи, бірегей және есте қаларлық логотип әзірлеу;
2.2. Қаланың мәдени-тарихи мұрасы мен дәстүрлерін, табиғи ерекшеліктерін, қазіргі заманғы даму үрдістерін барынша толық есепке алатын, тұтас қалалық бірегейлікті қалыптастыруға және танымал брендін құруға ықпал ететін Кентау қаласының логотипі ең үздік жобасын анықтау болып табылады:
2.3. Қала дамуының жаңа бағытына қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдарының назарын аудару;
2.4. Кентау қаласының қолайлы имиджін құру, оның бәсекеге қабілеттілігін және ішкі туризмді дамыту үшін әлеуетті перспективалы ретінде туристік қызметтер нарығында беделін арттыру.
- Конкурсты өткізу мерзімдері
3.1. Конкурс 2025 жылғы 01 наурызға дейін бірнеше кезеңде өткізіледі.
3.2. Конкурс кезеңдері:
2025 жылғы 20 ақпанға дейін – конкурстық ұсыныстарды әзірлеу, жұмыстар мен өтінімдерді ұйымдастыру комитеті қарауына жіберу;
2025 жылғы 20 ақпаннан 1 наурызға дейін – ұйымдастыру комитетінің конкурстық жұмыстарды қарауы;
2025 жылғы 01 наурыз – Конкурс жеңімпазын жариялау.
- Конкурсты өткізу шарттары
4.1.Конкурсқа заңды тұлғалар, жеке тұлғалар, авторлық ұжымдар қатыса алады.
4.2. Конкурсқа жеке және шығармашылық ұжымдардың да (білім беру мекемелері, студенттік топтар, үйірмелер мен шығармашылық шеберханалар, т.б.) құрамында орындалған логотиптер ұсынылады.
4.3. Әрбір Қатысушы Конкурс талаптарына сәйкес келетін бір логотипті ғана (бұдан әрі — Конкурстық жұмыс) ұсына алады.
4.4. Ұсынылған Конкурстық жұмыстың авторлық құқығы қатысушыға тиесілі болуы тиіс. Қатысушы конкурстық жұмысты құру кезінде үшінші тұлғалардың авторлық құқықтарын бұзғаны үшін, сондай-ақ конкурсқа ұсынылған конкурстық жұмысқа авторлық (плагиат) бергені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
Өзге логотип дизайнындағы идеяларды (толық немесе ішінара) пайдалануға қатаң тыйым салынады.
4.5. Конкурстық жұмысты конкурсқа жібере отырып, Қатысушы конкурстық жұмыстарға қойылатын техникалық талаптарды қоса алғанда, осы Ережеде көрсетілген шарттармен, оның ішінде конкурстық жұмыстарды конкурстың жарнамалық, коммуникациялық және өзге де іс-шараларында пайдалану мүмкіндігімен келіседі. Конкурстық жұмыстардың авторлары конкурсты ұйымдастырушыларға алдын-ала келісусіз суреттерді пайдалану құқығын, сондай-ақ интернет желісінде, баспа басылымдарында, теледидарда конкурстық жұмыстарды пайдалану құқығын береді.
4.6. Конкурс ұйымдастырушылары жіберілген конкурстық жұмыстарды өз қалауы бойынша пайдалануға, яғни атрибутика, афиша, парақшалар, кәдесый өнімдері мен басқа да ақпараттық және бейне-материалдарды дайындауда пайдалануға құқылы.
4.7. Ұйымдастырушылар осы өзгерістерді интернет-ресурстарда міндетті түрде жариялай отырып, Ережеге өзгерістер енгізу құқығын өзіне қалдырады.
- Конкурстық жұмыстарға қойылатын негізгі талаптар
5.1. Конкурстық жұмыс осы конкурс туралы Ережеде белгіленген талаптарға сай болуы тиіс.
5.2. Конкурсқа жіберілетін материалдар мыналарды қамтиды:
— жұмыс оқуға жеңіл, түпнұсқа графикалық элемент пен қаріптік атауды қамтуы керек. Жұмыс дизайн мен мәтінді біріктіре алуы тиіс.
— конкурстық жұмыс ассоциативтілік, әмбебаптық, өзіндік ерекшелік, есте қаларлық, экспрессивтілік, функционалдылық, ықшамдық сияқты талаптарға сай болуы тиіс;
— жұмыс келесідей өзгерістерге ұшырауы мүмкін: қысқарту немесе ұлғайту, ақ-қара реңктерге аудару сынды жағдайларда логотиптің бастапқы әсері жоғалмауы керек;
— жұмыс түрлі-түсті де, ақ-қара да болуы мүмкін;
— жұмыс сандық EPS, jpg, ai, cdr, pdf форматында ұсынылуы керек;
— жұмыста бұрын басқа салада қолданылған дизайн немесе сурет болмауы керек. Логотиптің жобасына басқа логотиптердің, өзге ұйымдардың, іс-шаралардың және мемлекеттік рәміздердің эмблемаларының (немесе олардың фрагменттерінің) бейнелерінің енгізілуіне жол берілмейді.
5.3. Бағалау критерийлері:
— логотип көркемдік және эстетикалық талаптарға сәйкес келетін бейнені жасауы керек.
— масштабтау. Логотиптің негізгі графикалық элементтерінің барлығы бірдей жақсы қабылдануы керек және кез келген масштабқа өзгерту кезінде мәндерін жоғалтпауы қажет.
— бейімделу. Логотиптің негізгі графикалық элементтері түпнұсқасын жоғалтпастан кез-келген ортада (қағаз және картон, пластик, шыны және т.б.) және кез-келген қолдану әдісімен көбейтуге жарамды болуы керек.
5.4. Сәйкестендіруді әзірлеу кезінде бірнеше принциптерді ұстану керек: позициялаудың өзектілігі, негізгі құндылықтардың көрінісі. Сондай-ақ, логотиптің барлық нұсқалары ұсынылуы керек, мысалы: жалауша, футболка, бейсболка, қалам және билборд.
5.5. Жұмысты конкурсқа жібере отырып, қатысушы оның конкурстық жұмысы интернет желісінде, баспа басылымдарында, теледидарда жариялануы мүмкін екендігімен келіседі.
5.6. Ұйымдастырушы конкурсқа берілген жұмыстың Ереже талаптарына сәйкестігі туралы өз қалауы бойынша шешім қабылдайды. Конкурстық жұмысқа қатысты авторлық құқық дауы туындаған жағдайда қатысушы конкурсқа қатысуын автоматты түрде тоқтатады, ал конкурстың жеңімпазы ретінде осындай конкурстық жұмыс таңдалған жағдайда мұндай таңдаудың нәтижесі жойылады.
5.7. Ұйымдастырушы конкурстық жұмыстардың авторлығы мен өзіндік ерекшелігін кез келген тексеруге жіберу құқығын өзіне қалдырады.
5.8. Логотиптің эскизі оны әр түрлі материалдарда одан әрі бейнелеуді ескере отырып жасалуы керек.
5.9. Барлық берілген жұмыстар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және осы Ереженің шарттарына қайшы келмеуі тиіс.
5.10. Конкурсты ұйымдастырушы Конкурста жеңіске жеткен логотипті Кентау қаласының 70 жылдығына арналған барлық баспа, ақпараттық өнімдерде пайдалануға құқылы.
- Конкурстық жұмыстарды ұсыну тәртібі
6.1. Конкурстық жұмыстар «Кентау 70 Логотип» белгісімен kentau_kultura@mail.ru электрондық поштасына жіберіледі.
6.2. Конкурстық жұмыспен бірге (jpeg немесе pdf форматта) автордың жеке куәлігінің көшірмесі, қажетті байланыс деректерін көрсете отырып, байқауға қатысуға өтінім және ұсынылған Логотип бойынша толыққанды авторлық түсіндірме жазба жолдауы шарт. Мәліметтер көрсетілмеген жұмыстар байқауға жіберілмейді.
6.3. Егер жұмысты авторлық ұжым орындаса, өтінімде шығармашылық ұжымның әрбір қатысушысы туралы мәлімет көрсетілуі тиіс.
6.4. Конкурсқа ұсынылған материалдар рецензияланбайды және қайтарылмайды.
6.5. Өтінімдерді тіркеу өтеусіз негізде жүзеге асырылады.
- Ұйымдастыру комитетінің жұмысын ұйымдастыру және жеңімпазды анықтау
7.1. Қазылар алқасы ұсынылған жұмыстарды қарап, жеңімпазды анықтайды.
7.2. Байқау жеңімпазы ұйымдастыру комитеті мүшелерінің әр жұмыс үшін берген дауыстарының саны арқылы, сондай-ақ логотиптің үздік нұсқасы үшін қосымша онлайн дауыс беру арқылы анықталады.
7.3. Конкурстық жұмыстарды бағалауды ұйымдастыру комитетінің әрбір мүшесі 8.1 тармақта көрсетілген шарттарды ескере отырып, 5 балдық шкала бойынша сараптамалық бағалау әдісімен жүзеге асырады. Әрбір қатысушының қорытынды бағасы ұйымдастыру комитетінің барлық мүшелері қойған бағаларын жинақтау жолымен қалыптастырылады.
7.4. Ұйымдастыру комитеті конкурсқа жіберілген барлық конкурстық жұмыстарды бағалайды және 8.1 тармақта көрсетілген критерийлерге сәйкес ұйымдастыру комитетінің әрбір мүшесінің жеке субъективті пікірін басшылыққа ала отырып, конкурс жеңімпазын айқындайды. Ұйымдастыру комитеті өз үкімдерінде тәуелсіз шешім қабылдайды.
7.5. Егер қорытынды шығару кезеңінде конкурс жеңімпазының конкурстық жұмысында плагиат анықталса, Конкурстық жұмыс конкурсқа қатысудан шеттетіледі. Қалған қатысушылар арасында ең көп балл алған қатысушы жеңімпаз болып танылады.
7.6. Егер конкурсқа қатысушы ұсынылған жұмысымен бірге Кентау қаласының 70 жылдығына арналған ұран жіберсе, онда ұйымдастыру комитеті конкурсқа қатысушыға қосымша балл қосуға құқылы.
7.7. Егер конкурстың бірнеше қатысушысы бірдей балл жинаған жағдайда, ұйымдастыру комитеті төрағасы конкурстың жеңімпаздарын ең көп балл жинаған конкурстық жұмыстардың ішінен таңдайды.
7.8. Ең көп балл жинаған 5 (бес) қатысушы жеңімпаз ретінде танылады.
7.9. Конкурс нәтижелері хаттамамен рәсімделеді, оған ұйымдастыру комитетінің барлық мүшелері қол қояды.
7.10. Жеңімпаз және логотип туралы ақпарат Кентау қаласы әкімдігінің ресми әлеуметтік парақшаларында жариялануға тиіс.
- Конкурсқа ұсынылған жұмыстарды бағалау критерийлері
8.1. Конкурстың ұйымдастыру комитеті логотиптің ең үздік нұсқасын анықтау кезінде келесі критерийлерді басшылыққа алады:
— конкурстың ерекшелігі мен тақырыбын көрсетудің толықтығы (0-5 ұпайға дейін);
— жалпы эстетикалық қабылдау (0-5 ұпайға дейін);
— жұмыстың көркемдік деңгейі (0-5 ұпайға дейін);
— графикалық шешімнің өзіндік ерекшелігі мен мәнерлілігі (0-5 ұпайға дейін);
— логотиптің креативтілігі мен нақтылығы (0-5 ұпайға дейін);
— орындау техникасы мен сапасы (0-5 ұпайға дейін).
8.2.Логотиптің ең үздік нұсқасы үшін қосымша онлайн дауыс беру (2 ұпай).
8.3.Жеңімпаз қажет болған жағдайда конкурсқа ұсынылған нұсқаны толықтыру құқығына ие бола алады.
- Жеңімпазды марапаттау
9.1. Конкурс жеңімпазы логотиптің авторлық құқығын берген сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде арнайы қаржылай сыйлыққа ие болады.