gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысының әділет департаменті 2000-нан астам мемлекеттік қызмет көрсеткен

24 января, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысының әділет департаменті 2000-нан астам мемлекеттік қызмет көрсеткен
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысының Әділет департаменті 2024 жылы 2 189 мемлекеттік қызмет көрсеткен. Оның 1 956-сы қағаз түрінде болса, 233-і электронды түрде. Бұл туралы Түркістан облысының Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы Мұхит Тұрғараев БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді.
«Өткен жылы облыс көлемінде 1 263 заңды тұлға бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілді. Көрсетілген қызмет түрлерінен бюджетке 4 миллиард 334 миллион 708 мың теңгеден астам мемлекеттік алымдар түсті және сот шешімімен 76 заңды тұлғаның, филиалдар мен өкілдіктер таратылды. Өңірде жалпы 205 нотариус тіркелген. Әртүрлі негіздер бойынша 3 нотариустың лицензия қолданысы тоқтатылған болса, 8 лицензия уақытша тоқтатылған. Және сот шешімі бойынша 2 нотариус қызмет көрсету құқығынан айырылды»,- деді спикер.
Сондай-ақ, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалымен жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бойынша жалпы 167 199 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Одан бөлек, 73 463 азаматтық хал актілері тіркелген. Оның ішінде, тууды тіркеу – 52 794, қайтыс болу – 9 814, некеге тұруды тіркеу – 10 238, некенің бұзылуын тіркеу – 617. Сонымен қатар, облыста Қазақстан Республикасының Әділет министірлігімен 2024 жылдың тамыз айынан бастап «Робот сот орындаушысы» жобасы іске қосылып, оңайлатылған іс жүргізу жұмыстары қолға алынған. Бұл жоба азаматтарға айыппұл соммасынан бөлек 25%-ға дейінгі мөлшердегі жеке сот орындаушының қызмет ақысын төлеуден босатып, тек айыппұлдарды өндіруге мүмкіндік берген.
Previous Post

Болашақтың ғылымын өзгертуге ықпал ететін жастар өсіп келеді

Next Post

Түркістан облысының транзиттік әлеуеті артып келеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz