gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Болашақтың ғылымын өзгертуге ықпал ететін жастар өсіп келеді

24 января, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Болашақтың ғылымын өзгертуге ықпал ететін жастар  өсіп келеді
Share on FacebookShare on Twitter

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл сайын  баспасөз басылымдарына көлемді  сұхбат беруі дәстүрге айналып  келеді.  Бұл елімізді дамытуға қатысты шаралардың мән-маңызын  азаматтардың терең түсінуіне мүмкіндік береді. Президент өз сөздерінде жастарға айрықша назар аударады.

– Мен түрлі жиындарда жастарымыз туралы жиі айтамын. Өйткені олардың болашағын ойлап, шын жүректен тілеулестік білдіремін. Еліміздің тағдыры – жастардың қолында. Біз отаншылдығын нақты ісімен көрсететін әрі мәдениеті жоғары ұрпақ өсіруге міндеттіміз. Реформаның бәрін жастардың игілігі үшін жасап жатырмыз. Бұл – әншейін әдемі сөз емес, мемлекет стратегиясының түпкі мәні.

Бүгінгі жастар біздің жас кезімізге қарағанда әлдеқайда көп біледі. Қазіргі технология дәуірінде бұл – қалыпты нәрсе. Қазақстанда дарынды, білімді әрі мақсатына ұмтыла білетін қыз-жігіттер көп. Дәл сол себепті мен жастарға сенемін деп жалықпай айта беремін.

Бір ғана тілегім, ақыл-кеңесім бар: жас азаматтарымыз дүниетанымы тұрғысынан жасампаз, ойлау қабілеті жағынан сындарлы болуға тиіс, олар жақсы мен жаманның аражігін ажырата білуі керек. Жастарымыз халқымыздың болмысына жат идеялардың жетегінде кетпесе, күйзеліске түспесе, нигилизмге бой алдырмаса екен деп тілеймін. Олардың белсенді, тәртіпті, білімпаз, еңбекқор болғанын қалаймын.

Тәуелсіздік ұрпақтары қазірдің өзінде ғылым, спорт, бизнес, креативті индустрия және мемлекеттік қызмет саласында зор жетістікке жетіп жүр. Көбі өндірісте және ауыл шаруашылығында табысты еңбек етеді. Бұл ретте мен осы жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияладым. Біз еңбек адамының абырой-беделін көтеріп, еңбекқорлық, кәсібилік сияқты құндылықтарды дәріптеу үшін әлі талай шаруа атқаруымыз керек.

Экономиканың көптеген саласында жұмыс қолы жетіспейді. Жұмысшы мамандықтар мол әрі тез табыс табу тұрғысынан қызықтыра қоймауы мүмкін. Бірақ бұл мамандықтардың еңбек нарығында сұранысқа ие болатынына да, қоғамдағы мәртебесі жоғары болатынына да кепілдік бар. Мен кәсіпорындарды аралаған кезде жастарды жиі жолықтырамын. Олардың арасында жұмысшы әулеттерінің өкілдері көп екені көңіл қуантады. Мемлекеттің міндеті – жас мамандарға материалдық және моральдық жағынан көмектесу. Мен бұл шаруамен үнемі айналысамын, —деді Президент сұхбатында.

Қуанарлығы,  Қасым-Жомарт Кемелұлының бұл сөзі нақты әрекет, қолдаумен  қабысуы халықтың болашаққа сенімін  нығайта түседі.  Өйткені,  жастар, әсіресе, жоғары білім алып,  ғылым мен  ілімге ұмтылып  жүрген  кейінгі буынға жаңа жылдан  кейін-ақ  жақсы жаңалықтар  лебі есті.  Қазақстанда студенттердің стипендиясы екі есеге көбейіп,  ел жастарға арналған  ауқымды шараларды жүзеге асыруды қолға алды. Мәселен,  2025 жылдан бастап бакалавриат студенттері үшін стипендия 52 372 теңгеге дейін, ал магистранттар үшін – 117 098 теңгеге дейін көтерілді. Педагогтар мен медицина мамандары үшін бұл көрсеткіш 84 000 теңгені құрайды. Жатақханалар салу бойынша да үлкен жұмыстар атқарылуда. 2024 жылы 11 096 орын ашылды, ал 2029 жылға дейін жыл сайын 10 мың жаңа орындық жатақхана іске қосылады. Бұл студенттер үшін жайлы және қолжетімді орындар ұсынады. Бұл шаралар Қазақстанның білім сапасын арттырып, жастардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Болашаққа инвестиция жасап, білім алу мен өмір сапасын жақсартудың мүмкіндігі  болып табылады. Ал, «Келешек» бағдарламасы  арқылы 2025 жылдан, 5 жастан бастап  балалар үшін жинақтау жүйесі енгізілді. Бұл жүйе баланың болашақта  білім алуына, оның ішінде жоғары білім мен кәсіби-техникалық білім алуына қаржы жинауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жинақталған қаражатты тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, шетелде білім алуға немесе үшінші тұлғаларға аударуға болады.

Қорыта келгенде айтарым,  Президент сұхбатын  біз  тек қана үлкендер  емес,  жастарға оқытуымыз керек.  Себебі,  Мемлекет басшысының мақаладағы әрбір  сұраққа берген  жауабы жастардың қолынан  келуі керек деп  ойлаймыз.

Сұлтан АЗАТ,

Кентау қаласы Жастар ресурстық орталығының директоры

Previous Post

Кентаулық роботшылардың келешегі зор

Next Post

Түркістан облысының әділет департаменті 2000-нан астам мемлекеттік қызмет көрсеткен

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz