gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентаулық роботшылардың келешегі зор

24 января, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Кентаулық  роботшылардың келешегі зор
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау қаласында робототехникаға қызығушылығы артқан балалардың саны артып келеді. Мектептерде ғана емес,  арнайы оқу орталықтарында балалар роботехника бойынша білімдерін шыңдап, түрлі жарыстарға барып топ жарып жүр. Жуырда  «FIRST CHAMPIONSHIP» робототехниктер сайысының «FIRST LEGO LEAGUE CHALLENGE» санаты бойынша Кентау қаласының «RoboKent» командасы чемпион атанып, Азия ойындарына жолдаманы ұтып алды.   

Біз сол команданың  бапкері, Кентаудағы  Roboмектеп оқу орталығының басшысы Алмас Ташимовпен тілдескен едік.

–Мамандығым информатика пәнінің мұғалімі, магистр дәрежем бар.  Негізі IT саласы бойынша кәсіпкерлікпен айналысамын. Сол жұмыстардың бір бағыты ретінде осыдан 2 жыл бұрын RoboMektep оқу орталығын ашқан едік. Бұл орталықты ашудағы мақсатымыз – өскелең ұрпақтың IT бағытында білімін жетілдіріп, жас бағдарламашылардың ортасын құру, қалыптастыру. Бүгінде ақырындап мақсатымыз орындалып жатыр, алдағы уақытта жаңа белестерді бағындыру ойымызда бар.

Қазір орталықта  50 оқушы робототехника бойынша білімдерін шыңдап, техника тілін үйренуде. Орталықта Ешмұрат Бекмұрат, Алдабергенова Әсел есімді бапкерлер балаларды робототехникаға үйретуде. Біз қазір бұл саланың спорттық  бағытына ден қойып жатырмыз. Себебі, спорттық, ойын бағытындағы робот техникасын  үйретуден бастауымыз балаларға қызықты болды. Жарыстардан жүделі оралып, нәтижеге жетіп жатқан балалар аз емес.  Алғашқы жылдың өзінде (2023)республикалық жарысқа  қатысып бақ сынаған 1-ші 2-орындарды  6 оқушымыз қанжығаға байлап мектебіміздің мерейін асырды. Сонымен қатар, сол жылғы республикалық додада «RoboKids» санаты бойынша  Искандарова Інжу мен Бекжан Жандос  «Үздік конструктор» аталымында жеңімпаз болды. Өткен жылы ұйымдастырылған  «Robotek grand tournament 2024»  қалалық робототехниктер бейгесінде:  «Robotek» санаты бойынша Мамитирзаев Имран және Рохиллаев Самир 1 орын,  «Кіші мерген» санаты бойынша Әбдіхалық Дулат және Абдугаппаров Дамир – 1 орын,  «Жеткізуші робот» санаты бойынша Искандаров Ибраһим және Ердешов Нұрислам  – 1 орын , «Инверстік сызық бойымен» санаты бойынша Джаксылыков Хақназар, Зайнетдинов Данис 1 орын иеленіп қуантқан болатын. Былтыр облыстық деңгейдегі «Robotek grand tournament 2024», тағы да басқа облыстың жарыстарына қатыстық. Бұл жарыстан да 8 оқушымыз  түрлі санат бойынша қатысып жүлделі 1,2 және 4-орындарды иеленді. 2024 жылы біз үшін табысты болды. Яғни, республикалық жарысқа түрлі  санаты  бойынша қатысқан жас роботшыларымыз  1-3 орындарды қанжығаға байлап, жеңіспен оралды. Сонымен қатар, Халықаралық жарыстар бойынша: IX Roboland 2024 додасында «Лабиринт» санаты бойынша Мамитирзаев Имран мен Кадыров Самир 3-орынды,   «Robotek grand tournament 2024»  турнирінде «Жеткізуші робот» санаты бойынша Искандаров Ибраһим және Ердешов Нұрислам –«Үздік инженерлік шешім» кубогын жеңіп алып, мерейімізді асырды. Құрылғанымызға екі жыл тола қойған жоқ, десек те осылай толайым табыстарға жетіп отырмыз. Бұл әрине, бапкерлердің тынымсыз еңбегі мен балалардың ынта-жігеріне байланысты жеткен жеңістеріміз, дейді бапкер.

Алмастың айтуынша, 2025 жыл да жақсы нәтижелермен басталды. «Robotek grand tournament 2025» Халықаралық жарыстың қалалық кезеңі өтіп, оқушыларымыз: Мұрат Аян және Дауылбай Нұрислам «Мерген» санаты бойынша қатысып –  1-орын,  «Robotek»  санаты бойынша Искандарова Інжу және Бекпулатов Тимур – 1-орын,  «Жеткізуші робот»  санаты бойынша –  Джаксылыков Хакназар,  Юлдашев Амин  – 1-орын, «Баскетбол» санаты бойынша Искандаров Ибраһим  1-орынды иеленіп, үздіктер қатарынан көрінді. Жуықта: халықаралық жарыстың аймақтық кезеңі ОNTUSTIK FIRST CHAMPIONSHIP жарысы өтті. Сонымен қатар, FIRST LEGO League Challenge  санаты бойынша RoboKent командасы – чемпион (Азия ойындарына жолдама) болып, Азия ойындарына жолдаманы ұтып алғанын жоғарыда айтқан едік.       Ал команда құрамында: Әбдіхалық Дулат, Джаксылыков Хакназар,Ердешов Нұрислам, Искандеров Ибраһим Валилла Яшнарбек, Абдугаппаров Дамир сынды дарынды оқушылар ойнап, білім сайысына қатысыпты.

Бас бапкер Алмас Ташимовтың айтуынша, алдағы уақытта балаларды үлкендеу платалармен жұмыс істеп, бұдан күрделі бағдарламаларды құруды меңгерту жоспарлап отыр екен. Биылдан бастап,  өндіріс роботтарын құрастырудың кішігірім элементтерін жасауды және алдағы уақытта дрондармен  жұмыс жасау бағдарламаларын құрастыруды қолға алмақ. Иә, бүгінде дрондарды пошта қызметіне, әскери салаға, жалпы экономиканың түрлі салаларына  қолданылуда. Ауылшаруашылығы жұмыстарын оңтайландыруға робот техникаларын жасап, ұсынуға болатындығы мәлім. «Қазір балалардың логикасы, инженерлік шешімдері жап-жақсы қалыптасып келеді,  белгілі бір деңгейде маманданып қалды. Сол себепті, мен  шәкірттеріме  сенім артамын, алдағы уақытта өндіріске, экономиканың бір саласына пайдалы, тиімді  болатын жобалар ұсынамыз деп ойлаймын. Осыдан екі жыл бұрын осы IT инжинериясы туралы менің пікірлесетін адамдарым аз еді, шүкір, қазір кәдімгідей орта қалыптасып келеді. Балаларды машықтандырамыз, үйретеміз деп өзіміз де білімімізді жетілдіріп, өзімізді дамытып жатқанымыз қуантады» дейді Алмас бізбен әңгімесінде.

Көкжиегі кең, келешегі зор кентаулық роботшыларға табыс тілейміз.

Previous Post

Әлеуметтік желідегі әдемі өмір

Next Post

Болашақтың ғылымын өзгертуге ықпал ететін жастар өсіп келеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz