gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Соттағы талап-арыздың көпшілігі отбасылық қатынастар саласында

1 февраля, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Соттағы талап-арыздың көпшілігі отбасылық қатынастар саласында
Share on FacebookShare on Twitter
Бұл туралы брифингте Түркістан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының м.а. Талғат Оңғарбаев айтты.
«2024 жылы сотқа 2 243 қылмыстық іс түскен. Ал аяқталған істер 2 549 тұлғаға қатысты 2 206 қылмыстық іс. Оның ішінде, 1 912 тұлға айыпталып, қалған 20 тұлғаға қатысты ақтау үкімі шыққан. Сонымен қатар, алқабилердің қатысуымен 8 іс қаралып, 1 іс прокуратураға кері қайтарылған. Ал апелляциялық тәртіппен 41 адамға қатысты 26 үкімнің күші жойылды. Жалпы апелляциялық тәртіппен 123 үкімнің күші жойылған. Жаза тағайындау бойынша 1 912 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылып, оның ішінде 637 адам бас бостандығынан айырылған. Сондай-ақ, өңірде 13 тұлғаға қатысты электронды бақылау құралы қолданылып, электронды білезік тағылған»,- деді спикер.
Брифингке қатысқан облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрлан Биболовтың сөзінше, аудандық және оған теңестірілген соттарға былтыр 36013 арыз келіп түскен. Түскен талаптардың көпшілігі отбасылық қатынастан туындаған. Жалпы былтыр отбасылық қатынастан — 6 310, неке бұзу бойынша — 4 532, шарттық міндеттемелер бойынша — 15 032 дау келіп түскен. Одан бөлек, банк келісім-шарт, факторинг, МҚҰ бойынша — 7 715, мемлекеттік сатып алу — 1 550, ерекше іс жүргізу істері — 4 520, нотариалдық іс әрекеттерден — 2 276 шағым түскен.
Сонымен қатар, брифингке келген облыстық соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының cудьясы Бүркіт Байдуллаевтың мәлімдеуінше, әкімшілік істер бойынша аудандық және оған теңестірілген соттарға 2024 жылы барлығы 1856 арыз түскен. Оның ішінде, 1535 әкімшілік іс қозғалып, шешім шығарумен 493 іс аяқталған. Сот бақылау шеңберінде мемлекеттік қызметшілерге, лауазымды тұлғаларға және мемлекеттік мекемелерге аудандық соттармен 2024 жылы 68 іс бойынша жалпы 4 388 640 тенге айыппұл салу туралы ұйғарымдар қабылданған. Одан бөлек, ҚР Сот әкімшілігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы Абзал Апбас 2024 жылы Түркістан облыстық сотының жаңа ғимаратының ашылғандығын және Төлеби, Жетісай, Созақ, Бәдібек, Сарыағаш аудандық және Кентау қалалық соттарының әкімшілік ғимараттарына жөндеу жұмыстары жүргізілгендігін айтты. Бұған қоса, биыл өңірдегі 6 соттың әкімшілік ғимараттарына жөндеу жұмыстары жүргізілмек.
Previous Post

Түркістанда азық-түлік жәрмеңкесі жалғасын тапты

Next Post

Түркістан қаласына келген шетелдік туристер саны 90 %-ға өскен

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz