gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Асқарбектің шәкірттері қаланың ажарын аша түсуіне үлес қоспақ

31 января, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Асқарбектің шәкірттері қаланың ажарын аша түсуіне үлес қоспақ
Share on FacebookShare on Twitter

Темірді қамырша илеп, өрнек салу кез келгеннің қолынан келе беретін іс емес. Кентау қаласының тұрғыны Асқарбек Асылбеков 10 жылдан бері темірден түрлі бұйым жасаумен айналысып келеді.

«Ұсталық – көнеден үзілмей келе жатқан киелі кәсіп. «Ұсталы ел озар, ұстасыз ел тозар» деген халқымыз темірден түйін түйіп, ағаш жонған ісмерді «темірші», «дарқан», «ұста» деп төбесіне көтеріп қадірлеген. Асқарбек ұста жергілікті тұрғындардан келіп түскен тапсырыстарға қарай темірден күнделікті тұрмыста қолданылатын бұйымдардың барлық түрін жасай алады. Ата кәсіпке алғаш қадам басқан уақытта бұйымдардың кейбір бөлшектерін қолдан кесіп жасаған болса, қазір арнайы станоктармен көмкеріп, әсемдеп кесіп, біріктіреді. Тіпті, оның әр бөлшекті өлшемге сәйкес сызба үлгісімен кесіп беретін де станогы бар. Жаз, көктем мезгілінде тапсырыс көп түсетіндіктен, шеберге кейде күндіз-түні дамыл таппай еңбектенуге тура келеді екен.

Ұста темірден 200 түрлі бұйым жасай алатынын айтады. Құрылғыларды Ресейден арнайы алдыртқан екен. Қазір оның кәсібі күннен күнге қанатын кеңге жайып келеді. Темірден соққан бұйымдарын шеберханасынан арнайы іздеп келіп, алып кететіндер көп. Олар шамырқанып, шабыттанып жұмыс істеп жатқан ұстаны көріп оған қосымша тапсырыс та беріп кетеді екен.

— Менің шеберханамдағы станоктар кез келген ұстадан табыла бермейді. Өте сирек кездеседі десем де болады. Оның атқаратын функциялары өте көп. Соның арқасында темірден жасалынатын бұйымдардың санын көбейтуге әрі олардың сапасын арттырып, түрлі дизайнмен жасауға мүмкіндік алып отырмыз. Бүгінде бізге тек облыстан ғана емес, өзге облыстардан да тапсырыстар келіп түсе бастады. Бұл бізді алға қарай құлшындыра түседі, — дейді кәсіпкер Асқарбек Базарбекұлы.

Асқарбек ағаның цехында бүгінгі таңда 20-ға жуық жас шебер жұмыс істеуде. Олар Кентау қаласындағы аллеялар мен саябақтағы жарық шамдар, орындықтар, қоқыс жәшіктері, аялдамалар жасап, қаланың көркеюіне үлес қосуда. Жас шеберлер алдағы уақытта түрлі тарихи мүсіндер дайындап, кенді шаһардың ажарын аша түсуді мақсат етіп отыр. Орайы келгенде мұндай еңбек адамдар қашанда қолдауға лайық екенін айта кеткіміз келеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялап, биыл жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясы насихатталатынын айтқан болатын. Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бұл «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатына толықтай сай келеді. «Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Сондықтан біз еңбек адамының мәртебесін көтеріп жатырмыз. Бұл бағыттағы жұмыс тоқтамайды, жалғаса береді», — деді Мемлекет басшысы.

Президентіміз айтқандай жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі. Ең бастысы, әркім жауапкершілікті терең сезініп, өз міндетін сапалы атқаруға тиіс. Сонда ғана еліміз дамудың сара жолына түседі. Біз тілдескен Асқарбек ағаның өзі де шәкірттері де өз ісіне асқан жауапкершілікпен қарайтын, құрметке лайық жандар.

Previous Post

Кентаулық өнерпаздардың есептік концерті өтті

Next Post

Жандос Тасов қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz