Қала әкімі Жандос Тасов жұмыс жоспарына сәйкес әр жұмада қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдайды. Бүгінгі өткен қабылдауда қала тұрғындарының өтініштерін тыңдады.
Жеке қабылдау барысында тұрғын үй құрылысы, ретсіз сауда, жол мәселесі, тұрғын үй кезегі, тазалық бойынша мәселелер көтерілсе, бірі өз ұсыныс-тілектерін білдірді.
Қабылдауға жазылған тұрғынның шағымдары толығымен тыңдалып, заң аясында шешілу жолдарын түсіндірді.
Қала басшысы шешімі бар мәселелерге қатысты жауабын сол жерде берсе, бірқатарын жауапты бөлім басшыларына тапсырды.



