Бүгінгі таңда кәсіпкерлік – экономиканың қозғаушы күші. Әсіресе, шағын және орта бизнеске мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, түрлі қолдаулар іске асырылуда. Осындай бастамалардың бірі – Түркістан облысы «TÚRKISTAN» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы. Бұл орталық өңір кәсіпкерлеріне жан-жақты қолдау көрсететін маңызды ұйым болып табылады.
КҚКО-ның негізгі қызметтері
«TÚRKISTAN» КҚКО бизнесін жаңа бастаған және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлерге жан-жақты көмек ұсынады. Оның басты қызметтері мыналар:
1. Кеңес беру қызметтері – кәсіпкерлерге бизнесті бастау, мемлекеттік кәсіпкерлік саласын қолдауға бағытталған бағдарламалар, заңнамалық талаптар және қаржылық мәселелер бойынша кәсіби кеңестер беріледі.
2. Құжаттарды рәсімдеуге көмек – кәсіпкерлерге бизнесін заңдастыру, мемлекеттік органдардан рұқсат құжаттарын алу, бизнес-жоспарлар әзірлеу.
3. Қаржылық қолдау мен гранттар – мемлекеттік бағдарламалар мен түрлі қаржы институттары арқылы жеңілдетілген несиелер мен гранттарға қол жеткізу мүмкіндіктері қарастырылады.
4. Инвесторлармен жұмыс – кәсіпкерлер мен инвесторлар арасында әріптестік байланыстар орнатуға жәрдемдеседі.
Кәсіпкерлерге берілетін артықшылықтар
Орталықтың жұмысы бизнес жүргізуді жеңілдетіп, кәсіпкерлердің уақытын үнемдеуге бағытталған. Барлық қызметтер «бір терезе» қағидаты бойынша ұсынылатындықтан, кәсіпкерлер әртүрлі мемлекеттік органдарға бармай-ақ, қажетті көмек пен кеңестерді бір жерден ала алады.
Нәтижелер мен жетістіктер
Орталық құрылғаннан бері мыңдаған кәсіпкерге қолдау көрсетіп, көптеген табысты жобалардың жүзеге асуына ықпал етті. Бұл кәсіпкерлердің саны артып, аймақ экономикасының дамуына үлкен серпін беруде.
Қорытынды
TURKISTAN Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы – аймақтағы бизнес саласының тұрақты дамуына ықпал ететін маңызды мекеме. Егер сіз өз ісіңізді бастауға немесе оны одан әрі дамытуға ниетті болсаңыз, орталықтың қызметтерін пайдалануға шақырамыз. Бұл орталық сіздің бизнесті табысты жүргізуіңізге сенімді серіктес бола алады.
Халил Маденбай,
TURKISTAN «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» КММ Кентау бөлімінің басшысы