Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік абилитациялау және оңалту мыналарды қамтиды.
1) техникалық көмекші (компенсаторлық) және арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуді және оларды пайдалануға үйретуді;
Мүгедектігі бар адамдар жеке бағдарламаға сәйкес техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін қызметтердің сыныптаушысына сәйкес есту протезі көмегімен, протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етіледі.
Есту протезі көмегімен, протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, оларды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда қамтамасыз ету, уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы жүзеге асырылады.
2) жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің қызметін ұсынуды;
Жеке көмекшінің қызметтері жүріп-тұруы қиын, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен күніне сегіз сағаттан аспайтын есеппен ұсынылады.
Жүріп-тұруы қиын, бірінші топтағы мүгедектігі бар адам үшін жеке көмекшінің қызметтері оған күтім жасайтын адамға мемлекеттік жәрдемақы тағайындалған және төленген кезде ұсынылмайды.
Жеке көмекші қызметін Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жасалған шарт негізінде жүзеге асырады.
3) есту қабілеті бойынша мүгедектігі бар адамға ымдау тілі маманының қызметтерін ұсынуды;
Есту қабілеті бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының қызметтері уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен жылына алпыс сағаттан аспайтын есеппен ұсынылады.
Мүгедектігі бар адамдар жеке бағдарламаға сәйкес әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы жеке көмекшіні және (немесе) ымдау тілі маманын таңдауды жүзеге асырады.
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы тауарлармен және көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету.
- Мүгедектігі бар адамдар тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді сатып алуға тапсырыстарды жеке бағдарламадағы ұсынымдарға сәйкес жүзеге асырады.
- Мүгедектігі бар адам тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді сатып алуға тапсырыс беруді оған әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жеке бағдарлама іс-шараларының жіберілгені туралы хабарланған күннен бастап екі ай ішінде жүзеге асырады.
- Мүгедектігі бар адамның тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын жергілікті атқарушы органдардан өтетіп алуға, бірақ уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен белгіленетін кепілдік берілген сомадан аспайтын сомаға өтетіп алуға құқығы бар.
Мүгедектігі бар адам кепілдік берілген сома мен сатып алынған тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің нақты құны арасындағы айырмашылықты меншікті қаражаты есебінен өзі дербес төлейді.
- Мүгедектігі бар баланы санаторийлік-курорттық емдеуге алып жүретін заңды өкілдердің бірінің санаторийлік-курорттық ұйымда болу құнын уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын, санаторийлік-курорттық емдеу құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманың жетпіс пайызы мөлшерінде жергілікті атқарушы органдардан өтетіп алуға құқығы бар.
- Тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген сома уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен және мөлшерде төленеді.
Ернұр Әбдеш,
Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламар бөлімінің кеңесшісі