gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

Қаржы пирамидаларынан қорғану жолдарын білесіз бе?

26 января, 2025
in Қоғам
0
Қаржы пирамидаларынан қорғану жолдарын білесіз бе?
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметіне қарағанда, елімізде қаржылық пирамидасын құрушылардың қатары артқан. Осыған орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауында: «Алаяқтықтың көбеюіне байланысты азаматтардың наразылық білдіруі орынды. Бас прокуратура алаяқтыққа және қаржы пирамидаларына қарсы кешенді шаралар әзірлейді» деген болатын.

Жалпы қоғамда қаржы пирамидасын жарнамалайтын адамдарға қылмыстық жауапкершілік қарастырылмағаны сынға алынып келді. Қаржы пирамидаларының жарнамасы үшін жауапкершілік тек Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 150 бабында көзделген болатын. Онда қаржы пирамидасы қызметiнiң жарнамасын шығару, тарату және орналастыру 3 айға дейiнгi мерзiмге бұқаралық ақпарат құралының шығарылуын (эфирге шығуын) тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – 150, лауазымды адамдарға – 170, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 200, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 300, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 600 айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеліп соғады деп көрсетілген. Аталған бап бойынша кейінгі 3 жылда небәрі 4 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Жеңіл жаза қаржы пирамидалары жарнамаларының жолын кесе алмаған. Сол себепті осындай алаяқтықты халыққа танымал адамдар, соның ішінде өнер адамдары насихаттаған деректер көбейіп кеткен. Мұның өзі қаржылық және құқықтық сауаты төмен адамдардың алаяқтарға көптеп алдануына әкеліп соқтырған.

Зардап шегушілердің арасында өзін-өзі өртеп жіберуге дейін барғандар болған. Осындай оқиғалардың алдын алу шараларын күшейту мақсатында Парламенттің бір топ депутаты «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірлеп, ұсынған болатын. Бұл маңызды құжат Мәжіліс пен Сенатта талқыланғаннан кейін оған Мемлекет басшысы биылғы жылдың 12 шілдесінде қол қойды. Аталған заң арқылы Қылмыстық кодекстің 217-бабында қаржы пирамидасын құрушыларға көзделген жазалар біршама қатайтылып, оны жарнамалаушыларға да жауаптылық белгіленді. Нақты айтсақ, қаржы пирамидасын құру, яғни жеке және заңды тұлғалардың салған ақшасын қайта бөлу арқылы бір қатысушыларды басқалардың жарналары есебінен байыту жөніндегі қызметті ұйымдастырғаны, сол сияқты қаржы пирамидасына немесе оның құрылымдық бөлімшесіне басшылық еткені үшін қылмыскерлердің мүлкі тəркіленіп, 1000-нан 3 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не 1200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Ал қылмыстық топ жасаған, сондай-ақ аса ірі мөлшерде ақша немесе өзге де мүлікті тарта отырып жасалған, не ауыр зардаптарға алып келген және мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адам не оған теңестiрiлген адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаған қаржы пирамидасы үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді. Бұдан бөлек, Қылмыстық кодекске жаңа 217-1-бап енгізілді. Ол «Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы жарнамалау» деп аталады.

  1. Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы жарнамалау, яғни айтарлықтай залал келтіре отырып, ақпаратты жария түрде немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе электронды ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып, адамдарды оған тартуға алып келген жеке жəне тікелей тарату – мүлкі тəркіленіп, 2 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген: 1) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған; 2) бірнеше рет жасалған; 3) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған іс-əрекет – мүлкі тəркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 3 жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, 4 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Осылайша, қатайтылған заң біздің ойымызша, қаржы пирамидаларын құрушылармен күресті, әсіресе, қаржы пирамидасын жарнамалаумен күресті күшейте түсуге мүмкіндік туғызады.
Previous Post

Дін және Отан

Next Post

Кентаулық көпбалалы ана жылыту орталығында 10 жылдан бері жұмыс істейді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz