gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентауда «Ең үздік оқырман» анықталды

12 января, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Кентауда  «Ең үздік оқырман» анықталды
Share on FacebookShare on Twitter

Қалалық орталық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Ең үздік оқырман — 2024» байқауы болып өтті. Басты мақсат — оқырмандарды кітап оқу мәдениетіне, дүниетанымын кеңейтуге, көркем шығармалардың мән-мағынасын сезінуге, оқыған шығармаларын дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу. Сондай-ақ тарихи-мәдени және рухани мұрамызды сақтау, жастарды отаншылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеуде кітап оқуға үндеу, көркем шығарманы оқыту арқылы әдебиеттің құндылығын арттыру.

– Тәуелсіз еліміздің болашағы осы біздің жас бүлдіршіндеріміздің қолында. Жастарымыздың интеллектуалды көрсеткіштері олардың білім деңгейімен тікелей байланысты. Білім дегеніміз – ұлттық жаңғырудың басты баспалдағы. Олай дейтін себебім, ой жүйесі терең, алыстан пайымдап, тереңнен тамырланған дүниетанымы кең адам ғана осындай байқаулар мен бәсекеге төтеп бере алады. Кішкентай кітапхана оқырмандарының арасында талантты ашу мақсатында жыл сайын «Үздік оқырман – 2024» байқауы ұйымдастырылып келеді. Байқаудың аты айқындап тұрғандай, қай оқушы орталық балалар кітапханасымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайды, қай баланың көп кітап оқығаны, кітап оқу арқылы балалардың білімінің, сөздік қорының артқанын және олардың білігін анықтайтап, оларды марапаттап отырамыз, – деді Кентау қалалық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің маманы Раушан Сайдалиева.

«Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы Раушан Нарбек, Кентау қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің әдіскері Наргиза Дауенова, қалалық ОКЖ кітапханашысы Жанна Қуандықова байқауға қатысушыларды бағалап, әділ-төрелігін айтты.

Білім мен біліктілік тартысына арналған сайыс 4 кезеңге бөлінді. Оның әр кезеңі 5 ұпайлық жүйемен бағаланды. Алғашқы кезең «Мен  және  кітапхана» деген тараумен басталды. Бұл кезеңде сайыскерлер кітапханамен байланыстыра отырып, өздерін таныстырды. Екінші «Поэзия Тіme» атты кезеңде сайыскерлер ақын-жазушылардың шығармаларынан образға ене отырып, жатқа монолог оқыды. «Жақсы кітап – жан азығы» атты үшінші кезеңде өздерінің оқыған кітабын көрмермендерге түсіндіріп, көпшіліктің кітапқа деген қызығушылығын арттырды. Ал, төртінші кезең ақын-жазушылардың әдеби-көркем шығармаларынан әзірленген сұрақтарға жауап берді.

Балалар арасында өткен тартысты жарыста қаладағы білім ордаларынан қатысқан 8 оқушы өзара бақ сынасты.

– Мен қалалық орталық балалар кітапханасына келіп кітап оқып жүргеніме екі жылдай болды. Кітапхана – білімпаздар мекені деп білемін. Біз кітапханаға келіп, кітап алып оқып, кітаптан берілген тапсырмаларға дайындалып, білімдерімізді жетілдіреміз. Кітапқа келер болсақ – ол адамның бойындағы руханият бағының баға жетпес жемісі. Кітап қай ғасырда да адамзат тарихында ерекше ардақталып келе жатқан ең басты мәдени құнды мқра. Ал кітапханаға келер болсам – сан мыңдаған ғасырлар бойы, бір ұрпақтың екінші ұрпаққа парыз бен парасат өсиетін жеткізіп отырған қасиетті орталық. Кітап оқу арқылы көптеген мағлүмат алудамын. Сондықтан да болашақтың керуенін алып жүретін жастарды кітап оқуға шақырамын, — деді Ә.Бөкейханов атындағы №23 жалпы орта метебінің 8 сынып оқушысы Ақбота Тұрсынбай.

Қарап отырсам, қазіргідей ұялы телефон, планшет немесе әлеуметтік желінің дамыған кезінде арнайы кітапханаға келіп, кітап оқуға құштар жастардың барлығын көріп көңілің көншігендей болды. Аталған байқауда өнер көрсеткен оқушылардың ақыл мен ойды іске қосқан ізденімпаз екені байқалды. Жасөспірімдер бір-бірімен білім сайысына түсіп, өздерінің білімі мен біліктілігін көрсетті. Бірінің сөз саптауы, сөйлеу мәнері анық болса, енді бірі өздерінің ақындық қырын көрсетті. Ал бірінің актерлік шеберлігі мықты болса, бірі қойған сұраққа мүдірмей жауап берді. Араларынан шыққан дарынды да, талантты оқушылар жеңіс тұғырына көтерілді.

Байқау қорытындысында Ә.Бөкейханов атындағы №23 жалпы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Өрікбай Дүрия «Ең үздік оқырман» номинациясын жеңіп алды.

Раушан НАРБЕК

Previous Post

Полиция қызметкеріне пара бермек болған ақтөбелік айыппұл төлейді

Next Post

Кентау қаласының 70 жылдығына арналған ауқымды шаралар ұйымдастырылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz