Түркістан қаласындағы Қазыбек би мен О.Жарылқапов көшелері арасындағы жолға құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде 2,5 шақырымды құрайтын жолдың 80%-ы толықтай аяқталған. Аталған жол бөлігінде екі жолақтан төрт жолаққа дейін кеңейту жұмыстары жүргізіліп, 1,1 шақырымдық аумақта қара қиыршық тас пен ірі түйіршікті асфальт жабыны төселіп, аяқжолдар салынуда. Сонымен қатар, суағар науаларын орнату жұмыстары да жүргізілген.
Бұдан бөлек, қала аумағындағы Б.Қалаби көшесі мен Бекзат мөлтек ауданында темір жол үстінен жаяу жүргіншілерге арналған екі көпірдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Б.Қалаби көшесінің 7,4 шақырым аралығында құрылыс жұмыстары 25%-ға орындалған. Сондай-ақ, жаяу жүргіншілер көпірінің жөндеу жұмыстары 80%-ға аяқталған.
Айта кетейік, қала аумағында жалпы ұзындығы 845 шақырымды құрайтын 875 көше бар. 2025 жылдың алғашқы үш айында бұл көшелердің 430,1 шақырымы қайта жөнделіп, қалған 419,9 шақырым аумақта асфальт жабындысын төсеу жұмыстары жүргізілуде.
Аталған жолдар Ұлттық сапа орталығының бақылауында болады.