gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентауда облыстық суретшілер байқауы өтті

11 июня, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Кентауда облыстық суретшілер байқауы өтті
Share on FacebookShare on Twitter
Кентау қаласы Хантағы ауылы «Қаратау» ұлттық қорығында Кентау қаласының 70 жылдығына арналған «Кентау-70 жыл» облыстық суретшілер симпозиумы байқауы ұйымдастырылды.
Қаратаудың алтын тәжі, қазыналы мекенде табиғаттың тылсымы мен сұлулығына тамсанып, сол арқылы шығармашылықтың шыңына жетуді көздеген он төрт ауданнан келген қылқалам шеберлері бақ сынады.
Шараның мақсаты — Кентау қаласының 70 жылдық мерекесін атап өту барысында өңірдің көркем табиғатын облыс көлемінде таныту, «Қаратау» қорығының табиғатынан шабыт алған кәсіби суретшілерге жаңаша тыныс сыйлау, қазіргі қылқалам шеберлеріне қолдау көрсету, бейнелеу өнерінің дамыту, тың серпіліс беріп жандандыру болатын.
Симпозиум екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезең бойынша Суретшілер симпозиумға өздері алдын ала салынған кез келген тақырыптағы дайын 2 туындысын ұсынды. Олар көрме ретінде қойылды. Алдын ала салынған екі суреттің бірі міндетті түрде Түркістан облысының табиғаты бейнеленген болуы ескерілді.
Екінші кезең бойынша қатысушылар «Қаратау» қорығының табиғатын өздері қалаған сурет салу техникасын қолдана отырып берілген уақыт ішінде біріңғай А2 форматтағы қағазға салып ұсынды.
Қазылар алқасының құрамында Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының «Халық шығармашылығын қамтамассыз ету» бөлімінің жетекшісі, ҚР Мәдениет саласының үздігі» Зағипа Өмірзақова, ҚР Мәдениет саласының үздігі, ҚР суретшілер Одағының мүшесі, ҚР Дизайнерлер Одағының мүшесі Мұрат Шаханбаев, ҚР суретшілер Одағының мүшесі Омар Бабажанов төрелік етті.
Байқау нәтижесі бойынша Бас жүлдені Шардара ауданынынан келген суретші Санжар Тоқсанбаев, I орынды — Кентау қаласынан Болат Исабеков,
II орынды — Түркістан қаласы Серік Кинабаев және Отырар ауданынан Мәлік Әділхан иеленді. III орынды Кентау қаласынан Али Рысымбетов, Арыс қаласынан Сымбат Асылбай, Түлкібас ауданынан Нұржан Ахылбеков өзара бөлісті.
Байқауға қатысушы барлық жеңімпаздар қаржылай сыйлықтармен марапатталды.
Previous Post

Арыста биыл 600 орындық жайлы мектеп пайдалануға беріледі

Next Post

Ақпараттық-насихаттық топ Кентау тұрғындарымен кездесу өткізді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz