gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ақпараттық-насихаттық топ Кентау тұрғындарымен кездесу өткізді

12 июня, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Ақпараттық-насихаттық топ Кентау тұрғындарымен кездесу өткізді
Share on FacebookShare on Twitter

«Бірлікте болғаның – бақытты өмір сүргенің». Осы ұран аясында Түркістан облысында қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты нығайту бағытында ақпараттық-насихаттық жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен өңір тұрғындары арасында кезекті кездесу және фокус-топтық зерттеу жұмыстары Кентау қаласы мен Қарнақ ауылында өтті.

Іс-шараға «Қоғамдық келісім» КММ-нің этносаралық қатынастар саласы мониторингі және ақпараттық-насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Хамит Исақов, Кентау қаласы әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова, «Қоғамдық келісім» КММ-нің Кентау қалалық филиалының басшысы Бақытжан Әшірбаев, Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Қайсар Мырзабай, сондай-ақ этномәдени бірлестік төрағалары, ҚХА жанындағы құрылым мүшелері, ауыл билері мен зиялы қауым өкілдері және жастар қатысты.

Кездесу аясында «Ауызбіршілік – алтыннан да қымбат», «Қоғамдағы этносаяси ахуал және этнос өкілдерінің қазақстандық қоғамға интеграциялануы» тақырыптары кеңінен қозғалды. Қатысушылар қоғамдағы татулық пен өзара түсіністіктің маңыздылығына тоқталып, ел ішіндегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау – әр азаматтың борышы екенін атап өтті.

Сонымен қатар фокус-топтық зерттеу жұмыстары арқылы тұрғындардың пікірлері тыңдалып, этносаралық қатынастар жайлы ашық диалог орнады. Жиын барысында жергілікті халық көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, сала мамандарынан нақты жауаптар алды.

Бұл бағыттағы жұмыстар өңірдегі қоғамдық келісімді нығайтуға, әртүрлі этнос өкілдерінің біртұтас қазақстандық қоғамға табысты бейімделуіне және ел бірлігін сақтау ісіне өз үлесін қосуды мақсат етеді.

Previous Post

Кентауда облыстық суретшілер байқауы өтті

Next Post

Шардарада «Таза Қазақстан» акциясына ерікті жастар белсенді түрде атсалысуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz