gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентауда «Аналар кеңесінің» қолдауымен ерекше балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйланды

1 июня, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Кентауда «Аналар кеңесінің» қолдауымен ерекше балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйланды
Share on FacebookShare on Twitter

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні – бүлдіршіндердің күлкісі мен шаттығы салтанат құратын күн. Осыған орай Кентау қаласында ерекше күтімді қажет ететін балалар мен олардың ата-аналарына арналған мазмұнды мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Кентау жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінде өткен мерекелік жиынды «Кентау болашағы» қоғамдық бірлестігі мен қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі бірлесіп өткізді.

Іс-шараға Кентау қаласы әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова, «Қоғамдық келісім» КММ Кентау қалалық филиалының басшысы Бақытжан Әшірбаев, Аналар кеңесінің белсенді мүшелері мен қала қонақтары қатысты. Шара барысында балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйланып, түрлі қызықты ойындар мен шығармашылық қойылымдар ұйымдастырылды.

Балалар мерекесін шынайы сезінуі үшін ата-аналар таңсәріден бастап перзенттерін колледж ғимаратына әкелуге асықты. Бұл тек көңіл көтеру ғана емес, балалардың әлеуметтенуіне, жаңа ортаны танып-білуіне және ата-аналар арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған ерекше форматтағы мереке болды.

Мерекелік кештің басты мақсаты – қоғамның назарын бала құқығы мен әл-ауқатына аудару. Жиын барысында сөз алған қонақтар болашақ – балалардың қолында, сондықтан оларға білім алуға, емін-еркін дамуға және тең мүмкіндіктерге жол ашу – баршамыздың ортақ міндетіміз екенін атап өтті.

Бұл күні тағы бір мәрте қоғамның негізі саналатын отбасы, ананың рөлі мен балаға жасалатын қамқорлық – ұлт болашағының бастауы екені айқындалды. Аналар кеңесінің мүшелері алдағы уақытта да осындай тәрбиелік мәні зор іс-шараларды тұрақты өткізіп отыруды көздеп отыр.

Previous Post

Түркістан облысында ұлттық ауыл шаруашылығы санағы өтеді

Next Post

Кентауда балаларға қуаныш сыйланды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz

imunify-bot-check